Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 06.10.2019
Мектеп оқушыларының жазғы демалысы артта қалды. «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-ң мұражайы мектеп оқушылары мен колледж және жоғары оқу орындары студенттеріне арналған ашық сабақтардың тақырыптық жоспарын жасады. 4 қазанда бізге № 35 орта мектептің бесінші сынып оқушылары қонаққа келді. Олар үшін «Су – тіршілік көзі» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Экскурсия ерекше басталды: балаларға өмір бойы бір адам қанша су ішеді, адам қанша уақыт сусыз өмір сүре алады, кейбір көкөністер мен жемістердің, тіпті адамның өзінің де қанша пайызы судан тұратыны туралы танымдық сұрақтар қойылды. Судың дәміне қатысты эксперимент жүргізілді: краннан ағып тұрған қарапайым ауыз суы ма әлде дүкеннен сатып алынған бөтелкедегі су дәмді ме. Балалардың көпшілігі кран суының дәмі жақсы екенін атап өтті.
Балалар экспонаттарды қызығушылықпен қарап, қайта-қайта сұрақтарын қойып жатты. Оларды барлық нәрсе қызықтырды: су арнасының марапаттары, кәсіпорынның техникасы, ескі есептегіштер мен жаңалар арасындағы айырмашылық және тағы басқалар. Оларға судың үйлерге қалай келетіні, оны қалай үнемдеу керектігі, судың қалай зарарсыздандырылатыны туралы бейнефильмдер көрсетілді. Экскурсия соңында балалар біздің судың ең дәмді екенін, оны тазарту үшін қарапайым тұз пайдаланылатынын, адамның 60-70% судан тұратынын бұрын білмегенін айтып өтті. Сабақ жаңа сұрақпен аяқталды: су оны пайдаланғаннан кейін қайда кетеді. Ұйымдастырушылар бұл туралы келесі экскурсияда айтуға уәде берді.
барлық дауыс: 5078
дауыс мұрағаты