Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 09.10.2019
Шымкенттің диспетчерлік бөлмесінде азаматтардың қоңыраулары естілмейді. Оның себебі – телефонның нөмірі өзгерді. Бірнеше жылдар бойы біз барлығымыз 53-00-15 нөміріне қоңырау шалдық, ол нөмірге кез-келген себептермен қоңырау соғатынбыз – су, электр, жылу, кәріз проблемалары ... бізді сымның арғы жағында ақылды адамдар тыңдайды, бәрін біледі, бізді бағыттайды, көмектеседі, түсіндіреді деген сеніммен қоңырау соғатынбыз, ол шын мәнінде солай еді.
Ендігі жаңалық – нөмір өзгерді. Енді коммуналдық мәселелер, қалалық проблемалар туындаған жағдайда 24-72-99 нөміріне қоңырау шалыңыз. Әрі қарай біздің қоңырауларымызбен не болады? Қазір оның қалай болғанын білмейміз, бірақ Анарбек Орман қала әкімі болған кезде келесі тәртіп орнатылған еді: әр кеш сайын әкім мен оның орынбасарлары қоңыраулар жазылған журналды зерттейтін. Өтініштердің сипатын талдайтын, олардың қорытындысын жасайтын, белгілі бір аймаққа тән проблемаларды анықтайтын және т.б. Яғни, бұл қоңыраулар Шымкент өмірінің серпіні болатын. Әрине, ол қоңыраулар бойынша тиісті шаралар қабылданатын.
Фарида Шарафутдинова
барлық дауыс: 5540
дауыс мұрағаты