Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 13.10.2019
Өлшеу құралдарына арналған арнайы темір қораптар немесе, қарапайым тілмен айтқанда, су есептегіштері орнатылған жәшіктер жарнама тақталарына айналды. Жұмыс туралы жарнамалар, афишалар және тағы басқалар «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің меншігіне жабыстырылуда.
Су арнасының заң бөлімі енді жарнамаларын арнайы жәшіктерге орналастырған жарнама берушілерге басқа адамдардың мүліктеріне зиян келтіргені үшін әкімшілік шаралар қолданылатынын хабарлады. Жыл сайын компания сырлауға, логотиптер мен байланыс көздерін жаңартуға, оқшаулауға қомақты қаражат жұмсайды. Жарнама берушілердің іс-әрекеттерінің арқасында жәшіктердің эстетикалық көрінісі жоғалады және кейбір жағдайларда кәсіпорынның байланыс мәліметтері жабылып қалады, бұл су пайдаланушыларға қолайсыздықтар туғызады.
Біз жарнама берушілерге «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-ң мүлкіне жарнаманың заңсыз жапсырылғандығы үшін жауапкершілікке тартылатындығын ескертеміз.
барлық дауыс: 5078
дауыс мұрағаты