Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары
новость от 13.10.2019
Қазақстандықтар ауасы мен суы неғұрлым ластанған аймақтарды карталар арқылы бақылай алады. «Қазгидромет» РМК еліміздің атмосфералық ауасы мен жер үсті су объектілерінің сапасын анықтайтын интерактивті карталар жасады деп жазады кәсіпорын сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Өз аймағыңыздағы су мен ауаның сапасын тексеру үшін maps.hydromet.kz сілтемесін басыңыз, сонымен қатар ақпаратты Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің сайтында алуға болады. Қазгидрометтің хабарлауынша, 45 елді мекендегі ауа сапасы туралы ақпарат AirKZ мобильді қосымшасынан интерактивті картаға енгізілген. Талдау ауадағы шаң, диоксид және азот оксиді, көміртегі, күкірт және басқа да зиянды заттардың құрамына негізделген. Ақпарат әр сағат сайын жаңартылып отырады. Судың сапасы өткен айдағы зертханалық зерттеулермен анықталады. Екі картада да жасыл түс ең таза су мен ауаны білдіреді, ал қоңырқызыл түс ең ластанған су мен ауаны көрсетеді.
Ең таза су, интерактивті карталар бойынша, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарында. Судың тазалығымен Зайсан көлі, Балқаш және Қапшағай су қоймалары мақтана алады. Су ластануының орташа деңгейі Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан және Алматы облысының кейбір аудандарында байқалады. Ақмола және Қарағанды облыстарында жағдай біршама нашар. Мұнда судың ластануы төртінші деңгейге жетеді. Судың ластануының ең қауіпті деңгейі Каспий теңізінде – Атырау және Маңғыстау облыстарында байқалады. Елорданың кейбір су қоймаларында да қатты ластанған су бар. Осындай ластану деңгейі Қостанай облысында, Ресеймен шекарада, сондай-ақ Қытай мен Қырғызстанмен шекаралас елді мекендерде байқалады.
Таңқаларлығы, судың ластануының сыни деңгейі Бурабай су нысандарының көпшілігінде, сондай-ақ Көкшетау қаласында байқалады. Сонымен қатар картада Қарағанды мен Тараздағы ластанудың ең жоғары деңгейі көрсетілген.
барлық дауыс: 5534
дауыс мұрағаты