Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 15.10.2019
Кәсіпорын қызметкерлері үшін «Энергияны тиімді үнемдейтін сумен жабдықтау және су бұру жүйесін автоматтандыру» тақырыбында дәрістер басталды. Курсты географиялық ақпараттық жүйе бөлімінің басшысы Нұрсұлтан Рахманбеков әзірледі. Кез келген сумен жабдықтау және су бұру жүйесі бірнеше өндірістік және технологиялық процестерге бөлінеді. Бұл бастапқы су ағындарын тасымалдау және өңдеу үдерістері, оның барысында судың физикалық және химиялық қасиеттері өзгеріп, су тазарады және тазартудың қосымша өнімдері пайда болады. Дәрістер барысында сумен жабдықтау және су бұру жүйесіндегі процестерді басқару және реттеу технологиялары талқыланады. Жаңа білім су шаруашылығы қызметкерлеріне кәсіпорын енгізетін цифрлық технологияларды тез игеріп, оларды өз жұмысында тиімді пайдалануына ықпал етуі керек.
барлық дауыс: 5540
дауыс мұрағаты