Жаңалық - Әлем жаңалықтары
новость от 16.10.2019
Пластикалық қоқыстың маңызды мәселесін әлем түсініп, онымен күресуді бастады. Уақыт өте көптеген елдер (соның ішінде Қазақстан бар, өте ақырын болса да) бос пакеттерден, бір рет қолданылатын ыдыс-аяқтардан, тозбайтын пластикалық қаптамалардан бас тарта бастады.
Итальяндық рестораторлар да игі іске өз үлестерін қосуда. Италияда бірнеше барлар өз тұтынушыларын сусындар ұсынумен таң қалдырады. Стакандарға кәдімгі пластикалық трубочканың орнына сүйкімді, әлдеқайда экологиялық таза макарон таяқшалары салынған. Қазірдің өзінде арнайы макарон өнімдерін сататын компания бар. Бұл макарондардың ешқандай дәмі жоқ, бір сағат ішінде жұмсармайды, оларды қолданғаннан кейін сіз планетамызға зиян тигізбестен оларды жай тастай аласыз.
барлық дауыс: 5542
дауыс мұрағаты