Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 17.10.2019
2019 жылы Шымкент су арнасының – «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і – Еуропалық қайта құру және даму банкімен ынтымақтастықты бастағанына он жыл өтті. Осы уақыт ішінде жалпы сомасы 67 миллион еуроға бес келісімшарт жасалды.
ЕҚДБ несиелік қаражатының көмегімен су арнасы сумен жабдықтау және кәріз желілері мен коллекторларды қайта құру жобаларын уақтылы жүзеге асыра алды, тазарту қондырғыларын жаңарта алды, осылайша олардың қуаттылығы тәулігіне 100 мың текше метрден 150-ге дейін өсті. Биогаз қондырғысы салынды, жаңа жабдық сатып алынды және жаңа технологиялар енгізілді. Су арнасы сумен жабдықтау желілерін жаңғырту және қайта жаңарту үшін 11,3 миллион еуро көлеміндегі соңғы несие алды. Шымкенттегі сумен жабдықтау желілері мен тазарту қондырғыларын жаңарту нәтижесінде су шығыны 2,5 есеге, электр қуатын тұтыну 11 есеге, негізгі құралдардың тозуы он жыл бұрынғы 60%-дан 37%-ға төмендеді.
Басты жобалардың бірі – «Shymkent City» ықшам ауданын ауыз сумен қамтамасыз ететін Көмеш-Бұлақ су қабылдағышын қалпына келтіру. Сонымен қатар, Шымкентте жарамдылық мерзімі біткен және 40-50 жыл бойы жөнделмеген сумен жабдықтау желілері бар. Қазір «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-ң қызметкерлері оларды ауыстыруда. Мұның барлығы ЕҚДБ-мен бірге жүзеге асырылуда.
Қыркүйек айының соңында ЕҚДБ-нің Орталық Азия және Монғолия бойынша басқарушы директоры Бруно Балванера Шымкент қаласына келді. Ол жергілікті су арнасының оң тәжірибесін және қарыз қаражатын тиімді пайдалануын атап өтті. Банктің Орта Азия филиалының басшысы Қазақстанның және Орта Азияның басқа қалаларындағы су арналарының қызметкерлері шымкенттік әріптестерінен үйренетін нәрсе бар екенін атап өтті.
барлық дауыс: 5078
дауыс мұрағаты