Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 21.10.2019
Су арнасы жаңа акцияны бастады
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і өз қызметтерінің сапасын және тұтынушылармен байланысты жақсарту мақсатында «Өз сұрағыңды қой» акциясын бастады. Пайдаланушылар Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінде сумен жабдықтау және су бұру мәселелеріне байланысты проблемаларын жария ете алады, су арнасының қызметіне қатысты сұрақтарын қоя алады.
Алғашқы сауалнама өткен жұмада 18 қазанда Инстаграмдағы су арнасының профиль парақшасында басталды. Сонымен бірге «Критика Шымкент» пабликтегі серіктестеріміз сауалнаманы өз аккаунтарында орналастырды. Үш күн ішінде «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не 28 сұрақ түсті, оларды бірнеше бағытқа бөлуге болады: «Сумен жабдықтау мәселелері», «Түсіндірулер», «Сумен жабдықтау және кәріз».
24 қазан күні сағат 15.00-ден 16.00-ге дейін Инстаграм және Facebook-те тікелей эфирде сұрақтарға жауап беруді жоспарлап отырмыз. Мәселелердің бірінші бағыты – сумен қамтамасыз ету және шағын аудандарды жаңа желілермен қамтамасыз ету мәселелері.
барлық дауыс: 5078
дауыс мұрағаты