Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 23.10.2019
Жангелдин көшесіндегі тарату тораптарымен жұмыс
Жақында біз «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің су есептегіштері тұрған тарату тораптарына жарнамасын жапсырған жарнама берушілерге су арнасы әкімшілік шара қолданады деген ақпарат жарияладық. Осы постқа жазылған түсініктемелерде бізге Жангелдин көшесіндегі №5 үйдің тұрғынынан шағым түсті. Ол кейбір тораптар жарнамамен толық жабылғанын, кейбіреулері бояуды қажет ететіндігін айтты. Келесі
күні-ақ жағдай түзетілді – тарату тораптары ретке келтірілді, олар боялды және ішкі оқшаулау жасалды. Бұл үшін су арнасы үй тұрғындарынан алғыс алды.
Шымкент су арнасы әрқашан азаматтардың шағымдарына, өтініштеріне және тілектеріне жауап береді. Әлеуметтік желілердің арқасында абоненттермен байланыс едәуір кеңейді, біз тұтынушылардың хабарламаларына жылдам жауап бере аламыз.
Бізге әлеуметтік желілерде жазыңыздар – біз барлық хабарларға жауап береміз! Нақты байланыс мәліметтерін көрсетіңіз және, мүмкін болса, фотосуретті жіберіңіз.
барлық дауыс: 5540
дауыс мұрағаты