Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 28.10.2019
«Су ресурстары-Маркетингі» ЖШС орталық кәсіпорынына күн сайын ондаған азаматтар түрлі мәселелермен келеді. Олардың кейбіреуі су шаруашылығы бөлімшелерінен нақты сұрақтарына толыққанды жауабын алады, ал кейбіреулері кәсіпорын басшылығымен кездесуге ниет білдіреді. Барлық келушілер міндетті түрде тыңдалып, туындаған мәселені шешуге көмектеседі.
Осындай азаматтар кәсіпорынның қабылдау бөлмесіне ғана келіп қоймай, «Су ресурстары - Маркетингі» ЖШС Бақылау кеңесінің төрағасы Анарбек Орманмен де жиі ұшырасады. Соның бірі су шаруашылығы ардагері Александр Михалинский де бүгін кеңсеге өз жеке мәселесімен келді. Зейнеткер пәтерден жеке үйге көшті, оған құрылыс материалдарын сатып алуға және тасымалдауға көмек қажет екендігін айтып, қол ұшын беруді өтінді. Анарбек Орман ардагердің сөзін тыңдап, тезірек мәселені шешіп, зейнеткерге қажетті нәрсені алуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтындығына уәде берді.
барлық дауыс: 5078
дауыс мұрағаты