Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 30.10.2019
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің бөлімше басшылары журналистермен кездесті. Күн тәртібінде екі тақырып болды: халықпен байланыс және мемлекеттік-жекеменшік серіктестік, бұл жайында «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і бақылау кеңесінің төрағасы Анарбек Орман баяндап берді.
БАҚ өкілдерін су арнасына келетін әрбір тұтынушы кеңестер мен ұсыныстар ала алатын қоғамдық қабылдаудың жұмыстарымен таныстырды. Қажет болған жағдайда менеджер Бахыт Жолдаров келушіні қажетті маманға жолдай алады.
Заңды тұлғалармен жұмыс жасау бөлімінің бастығы Азиза Ибраимова коммерциялық және бюджеттік мекемелермен жұмыс жасау принциптері туралы айтты. Осыған ұқсас презентацияны тұрғындармен жұмыс жасау қызметінің бастығы Орынбек Әлімқұлов та жасады. «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің аппарат басшысы Мұхтар Сыдықов журналистермен орталық диспетчерлік бекеті бойынша экскурсия өткізді. Журналистерді кәсіпорынның жаңа сайтымен таныстырды.
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің бақылау кеңесінің төрағасы Анарбек Орман мемлекеттік-жекеменшік серіктестігінің артықшылықтары туралы айтты. Су арнасы осы қағидат бойынша 20 жылдан астам уақыт бойы жұмыс жасап келеді және еліміздегі жетекші кәсіпорын болып табылады. Сондай-ақ сумен жабдықтау және су бұру саласындағы көптеген мәселелерді мемлекеттік-жекеменшік серіктестігінің көмегімен шешуге болады.
барлық дауыс: 5540
дауыс мұрағаты