русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары

новость от 31.10.2019

Форум аясында Қырғызстан, Өзбекстан, Грузия, Тәжікстан және Қазақстан мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталықтарының басшылары арасында «Өзара іс-әрекет туралы» Меморандумға қол қою рәсімі өтті. Форумды аша отырып, ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов экономиканың шикізаттық емес секторына инвестиция тартудың маңыздылығын атап өтті, деп хабарлады «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ-ң баспасөз қызметі. Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобалары бірінші кезекте инфрақұрылымға қол жеткізу мәселелерін шешеді және әлеуметтік бағыттылыққа ие. Сондықтан олар әрбір қазақстандық үшін маңызды. МЖӘ практикалары Қазақстаннан тыс жерлерде белсенді таратылады. Форум аясында Қырғызстан, Өзбекстан, Грузия және Қазақстан МЖӘ орталықтарының басшылары арасында «Өзара іс-әрекет туралы» Меморандумға қол қою рәсімі өтті. Жаңа құжат қазақстандық бизнесмендерге осы елдердің әлеуметтік және мемлекеттік жобаларына қатысуға мүмкіндік береді. Көрші республикалардың кәсіпкерлері алдында да осындай мүмкіндіктер ашылады. Мемлекеттік органдар өз кезегінде тәжірибе алмасып, заңнаманы жетілдіру және МЖӘ құралдарының тізбесін кеңейту бойынша өзара іс-әрекетті жалғастыра алады. «Әрбір мемлекет өз бизнесі үшін жағдай жасауға тырысады. Елдер бұрын да тәжірибемен бөлісетін, бірақ қазіргідей белсенді емес. Енді біз қазақстандық кәсіпкердің Қырғызстанда, Өзбекстанда және Грузияда табысты жұмыс істеуіне ден қоюымыз керек. Ал бұл үшін осы республикаларда адал заңнама болуы тиіс. Біздің міндетіміз-өңірдегі МЖӘ-нің алғашқы қатысушылары ретінде табысты тәжірибелерді таратуға көмектесу. Атап айтқанда, бұл меморандум мультипликативті әсерге ие: бизнесмендерге – жаңа нарықтар, ел үкіметтеріне – мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің пысықталған құралдары», - деп түсіндірді Қазақстандық МЖӘ орталығының басқарма төрағасы Талғат Матаев. Қырғыз Республикасының МЖӘ орталығының директоры Данияр Абдылдаев, Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тәжірибесін тарату бойынша Қазақстанның өңірлік көшбасшылығын атап өтті: «Қазақстанда жинақталған құқықтық база мен іске асырылған жобалардың тәжірибесі сіздің еліңізді МЖӘ дамыту жөніндегі Орталық Азия хабы ретінде көрсетуге мүмкіндік береді.– PeopleFirst-тің қарапайым тәсілі - ол қатардағы азаматтың мүдделері коммерциялық пайдадан жоғары болуы. Бізді осындай басымдықтардың орналасуы тартады. Біз елімізде МЖӘ тәжірибесін кеңінен тарату үшін сіздің тәжірибеңізді егжей-тегжейлі зерттеуді шештік. Шын мәнінде, біз осындай механизмді біздің экономикамызда қолдана бастаймыз. Сондықтан бұл меморандум біз үшін өте маңызды». Форумда «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің бақылау кеңесінің төрағасы А.О.Орман «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-де сандық технологияларды пайдалана отырып, мемлекеттік-жеке меншік әріптестігі шеңберінде тиімді менеджментті енгізу тәжірибесі мен нәтижелері туралы» баяндама жасады. МЖӘ-нің бірінші инвестициялық форумы 2019 жылғы 30 қазан мен 1 қараша аралығында Нұр-сұлтан қаласында Азия даму банкінің қолдауымен өтеді және Қазақстанда «МЖӘ туралы» заңды қабылдау күніне тура келіп отыр. «Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік туралы» заң Қазақстанда төрт жыл бұрын – 2015 жылғы 31 қазанда қабылданған болатын.

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары