Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 03.11.2019
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і бақылау кеңесінің төрағасы Анарбек Орман сумен жабдықтау және су бұру мәселесіне байланысты көптеген сұрақтарды шешу жолдарын ұсынады.
Бүгінгі таңда халықты сумен жабдықтау және су бұру қызметтерімен қамтамасыз етуге бағытталған миллиардтаған мемлекеттік қаражат тиімді пайдаланылмайтын фактілер өте көп. Мыналар негізгі себептері болып табылады:
- Мемлекеттік бағдарламаларды іске асырудың қолданыстағы сызбасы бойынша қаржыландыру бес мемлекеттік органның қатысуымен жүзеге асырылады: тиісті министрлік, облыс әкімдігі, облыстық ТҰКШ басқармасы, аудан әкімдігі, ТҰКШ бөлімі. Тәжірибе көрсеткендей, бұл сызба тиімді жұмыс істемейді.
- Су құбыры-кәріз жүйесі нысандарын пайдалану тиімсіздігінің негізгі себебі соңғы нәтиже үшін жауапкершіліктің болмауы, атап айтқанда сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін үздіксіз және сапалы көрсету кепілдігі болып табылады. Алдымен біреулері жобалайды, содан кейін басқалары құрылысын жүргізеді, ал нысанды тапсырғаннан кейін үшінші біреулері пайдаланады. Әрбір қатысушы (жобалаушы, құрылысшы, пайдаланушы ұйым) қателер жібереді, бұл міндетті түрде нысандардың істен шығуына әкеледі және нәтижесінде халық зардап шегеді.
Осы мәселелерді шешу үшін төмендегілерді ұсынамыз:
1.Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шартына (15-30 жыл мерзімге) сәйкес барлық қызмет мерзімі ішінде нысанның белгіленген техникалық-пайдалану көрсеткіштеріне сәйкестігін қамтамасыз ету үшін нысанды жобалау, салу, құру, қайта , жаңғырту және пайдалану (жөндеуді және қалыпты ұстауды қоса алғанда) жөніндегі жұмыстардың толық циклін көздейтін "өмірлік цикл келісім-шарты" приципі бойынша технологиялық күрделі нысандарды міндетті түрде орындау. Мұндай тәсіл су құбыры-кәріз жүйесі нысандарының ұзақ мерзімді жұмыс істеуіне, сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін сапалы ұсынуға кепілдік береді және жаңа жұмыс орындарын ашады. Бүгінгі күні су құбыры-кәріз жүйесін пайдалану кәсіпорындарының көпшілігі шығынға батуда. Ұсынылған сызба мемлекет үшін де, халық үшін де тиімді болады.
2.Халықаралық қаржы ұйымдарының заемдік қаражатын тартатын табиғи монополиялар субъектілерінің пайдалану шығындары мен инвестициялық қажеттіліктерін жабу үшін жеткілікті сумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне арналған тарифтердің мөлшерін міндетті түрде бекіту қажет. Егер тариф тұрғын үшін ауырлық тудырса, тартылатын инвестиция көлеміне мемлекеттік қолдау түрінде субсидия бөлуді қарастыру қажет.
барлық дауыс: 5078
дауыс мұрағаты