Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары
новость от 05.11.2019
Түркістан облысында полиция қызметкерлері ұрылар тобын құрықтады. Ол қатарынан үш рет Келес ауданында су құралдарын орнатумен айналысқан фирманың иелігіне шабуыл жасады.
Алғаш рет қаскүнемдер бағасы 42 мың теңге тұатын 12 өрт гидранты мен әрқайсысы 200 мың теңге болатын 2 су ысырмасын ұрлаған. Ұрлық туралы зардап шеккендер полицияға хабарлаған, бірақ өз мүлкін сенімді қорғау шараларын қолға алған жоқ. Олар құны 400 мың теңге болатын өрт гидрантының бірнеше ысырмаларын алып кеткен. Содан кейін тағы да көз астына алған нысанға келіп, төрт өрт сөндіру гидрантын ұрлап кеткен.
Келес аудандық тірек бекетінің полицейлері іздеу барысында алғашында ұрланған заттарды алып кеткен көліктің нөмірін, кейін көлік жүргізушісін, соңынан Сарыағаш, Келес және Қазығұрт аудандарының тұрғындары –екі серіктесін анықтады. Анықталғандай, олардың біреуі су құралдарын орнату бойынша маман болып шықты, содан қажетті нысанға қылмыстық кәсіп бойынша бауырластырын жиналған.
Ұсталған кезде күдіктілер ұрланған құралдардың көп бөлігін сатып жіберген. Екі адам қамауға алынды, біреуінен-ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды.
барлық дауыс: 5073
дауыс мұрағаты