Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 07.11.2019
Қыс - 2019. Су арнасындағы ТЖ дайындық
Екі күн аралығында – 5 және 6 қарашада Қазақстан аумағында «Қыс-2019» командалық - штабтық оқу-жаттығулар өткізілді. Іс-шараға төтенше жағдайларға әрекет ету күштерінің бөлімшелері ғана емес, коммуналдық қызмет бөлімшелері де қатысты.
Су арнасында қалалық ТЖ жөніндегі штабтың ұйғарымдарын қатаң орындайды. Техногендік немесе табиғи катаклизм кезінде арнайы жоспарлар мен өзара іс-қимыл нұсқаулықтары бар. Әрбір аудандық су арнасында жедел әрекет ету топтары құрылған, олар төтенше жағдай кезінде не істеу керектігін анық біледі. Қажетті дағдылары, білімі мен жабдықтары бар медициналық бригадалары да бар.
Оқу-жаттығу кезінде «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің бөлімшелері оқиға орнына шығып, сол жерде жиналу жұмыстарын жүргізді. Бақылаушылар тарапынан ескертулер мен сөгістер түскен жоқ.
барлық дауыс: 5078
дауыс мұрағаты