Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары
новость от 11.11.2019
Гаага қаласында Қазақстан Республикасы мен Нидерланды мемлекетінің Премьер-Министрінің қатысуымен 5-ші Қазақстан-Нидерланд бизнес-форумы өтті.
Форум аясында «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ және голландиялық «Witteveen+Bos» компаниясы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Ол Қазақстан Республикасында кәріз тазарту қондырғыларын салу және қайта жаңарту жобасын жүзеге асыру бойынша бірлескен ынтымақтастық әлеуетін зерттеуге негіз қалайды.
Аталмыш компания жақын арада Қазақстанға тазарту қондырғылары нысандарына техникалық байқау жүргізу және келешектегі қадамдарды тұжырымдау үшін келуді жоспарлап отыр.
Анықтама үшін:
Witteveen + Bos 1946 жылы құрылған және Голландиядағы жетекші инженерлік-консалтингтік компания болып табылады. Компанияда 900-ден астам қызметкер жұмыс істейді, олар инфрақұрылымды дамыту, су ресурстарын басқару, қоршаған орта және құрылыс мәселелерімен айналасады.
барлық дауыс: 5073
дауыс мұрағаты