Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 12.11.2019
Су қабылдағыш қыс мезгіліне дайын!
Шымкент су арнасының негізгі су қабылдағышы – Ақбай-Қарасуда қысқы кезеңге дайындық жүргізілді. Су қабылдағыш Шымкенттен 35 шақырым жерде орналасқан, ол қаланы 95 пайызға дейін ауыз сумен қамтамасыз етеді.
Су терең сорғылардың көмегімен 70 метр тереңдіктен сорылады. Жалпы су қабылдағышта 42 құдық бар. Суық мезгілде азаматтарға судың кедергісіз жеткізілуі үшін сорғылар мен ұңғымалардың негізгі құрамдас бөліктері мен агрегаттарында алдын-алу жұмыстары жүргізіледі, сонымен қатар олар арнайы материалдармен оқшауланады. Бұл жұмыстар қазан айында аяқталды – нысан дайындық паспортын алды.
дауыс беруСумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне әр айдың 20-на дейін дұрыс төлеп тұрасыз ба?
Ия, әрдайым
40.9%
Жоқ, кейде тіпті ұмытып кетемін
20.5%
Жолым түскенде төлеймін
19.3%
Төлемегеніме көп уақыт болды
18.9%
барлық дауыс: 5078
дауыс мұрағаты