Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 13.11.2019
А.Орманға Халықаралық форумға қатысқаны үшін алғыс білдірді
2019 жылғы 30 қазан - 1 қараша аралығында Нұр-Сұлтанда «МЖӘ және ESG инвестициялық факторлары» халықаралық форумы өтті. Форумға 20 елдің 1000-нан астам өкілдері, олардың ішінде мемлекеттік органдардың басшылары, инвесторлар мен жеке серіктестер, ірі компаниялар, Қазақстан мен ТМД-ның басқа да елдерінің халықаралық ұйымдары мен қауымдастықтарының өкілдері, сонымен қатар Еуропа мен Азияның МЖӘ саласындағы жетекші сарапшылар қатысты. Қатысушылар мен баяндамашылардың пікірі бойынша форум жоғары халықаралық деңгейде өтті.
Форумға «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і Бақылау кеңесінің төрағасы А.О.Орман қатысты. Ол өзінің кәсіби тәжірибесімен бөлісті және МЖӘ дамытудың өзекті мәселелері бойынша сұрақтарға жауап берді.
«Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік серіктестік орталығы» АҚ А.Орманға форумға қатысқаны үшін алғысын білдірді: «Қазақстанда МЖӘ жобаларын іске асырудың жаңа инвестициялық мүмкіндіктерін құруға мүмкіндік беретін форум аясында сұхбат алаңының ашылғандығын ескере отырып, біз Сізбен бірлескен жемісті жұмыс жасаймыз деп үміттенеміз. Ынтымақтастық үшін рахмет және кәсіби жетістіктер тілейміз!".
барлық дауыс: 5540
дауыс мұрағаты