русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Әлем жаңалықтары

новость от 13.11.2019


Алматыда Су ресурстарын басқару жөніндегі мемлекетаралық үйлестіру комиссиясының 77-ші отырысы өтті. Оған Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Сергей Громов, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы Арман Тұрлыбек, Өзбекстан Республикасының Су шаруашылығы министрі Шавкат Хамраев, Тәжікстан Республикасының Энергетика және су ресурстары министрлігі Су және энергетика саясаты, ғылым мен техниканы дамыту бөлімінің басшысы Далер Абдуразокзода, Түрікменстанның Су ресурстары жөніндегі мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары Довлетмурад Маммедов қатысты.
Кездесу барысында Сырдария және Амудария бассейндерінде су қоймасы каскадтарының лимиттері мен жұмыс режимдерін пайдалану нәтижелері талқыланды. Келіссөздер нәтижелері бойынша Сырдария және Амудария бассейндерінде 2019-2020 жылдардағы өспейтін маусымда елдердің су алу шектері және су қоймасы каскадтарының жұмысының болжамды режимі бекітілді.
Мемлекетаралық су комиссиясының кезекті 78-отырысы 2020 жылдың бірінші онкүндігінде Түркіменстан астанасы Ашхабадта өтеді.

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары