русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 18.11.2019

Әлсіз су қысымының себептері
Пәтердің шүмектерінде суық немесе ыстық судың төмен қысымының себебін дәл білу үшін, ең алдымен пәтерлері сіздікімен бір бағанға (стояк) қосылған жоғарыдағы және төмендегі көршілермен сөйлесу керек. Егер әлсіз қысым тек сізде ғана болса, бұл оның пайда болу себептері сіздің пәтеріңіздің су құбыры жүйесінде екендігін білдіреді.
Жиі кездесетін себептерді қарастырайық.
Құбырлардың бітелуі – судың төмен қысымының ең көп кездесетін себебі. Көбінесе пәтерлерде ескі болат құбырлар бітеліп қалады, олардың ішкі қабырғалары өрескел. Төмен су қысымы мәселесін шешу үшін мұндай құбырларды жаңаларына ауыстырған дұрыс.
Жеке пәтердің шүмектеріндегі судың төмен қысымының тағы бір себебі – су есептегіштерге дейін орнатылатын өрескел сүзгінің бітелуі. Мұндай сүзгі құрылғысы, сондай-ақ, ол қоқыс жинаушы немесе қиғаш сүзгі деп те аталады, мезгіл-мезгіл құммен, тотпен және басқа да қоқыстармен бітеліп қалады, сондықтан оны тазалау керек.
Шүмекке орнатылған арнайы сүзгі торының – аэратордың бітелуі де шүмектегі су қысымының төмендеуіне әкелуі мүмкін. Бұл жағдайда крандағы қысымды көтеру үшін аэраторды бұрап алып, тазарту жеткілікті.
Егер тек сіз ғана емес, сонымен бірге көп пәтерлі үйдегі көршілеріңіз де шүмектердегі судың әлсіз қысымына тап болса, онда себеп үйдің бөлек бағанында немесе бүкіл үй құбырының бітелуінде де болуы мүмкін. Сонымен қатар, сорғы станциясының қуаты да қысымға айтарлықтай әсер етеді.
Егер шүмектердегі судың әлсіз қысымы жеке пәтердің құбырына байланысты болмаса, не істеу керек деген мәселеге коммуналдық қызмет немесе басқару компаниясы назар аударуы тиіс.

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Су есептегіш шеберханасы: 373-362, 375-457
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары