Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 19.11.2019
Су тәулік бойы ағады
Төлеби ауданының бұрынғы ауылдары жақында қалалық агломерацияға қосылды. Ауыл тұрғындары үшін қала өмірінің белгілерінің бірі сумен жабдықтау желілерін қайта құру болды.
19 қараша Жыланбузған тұрғындары үшін маңызды күн болды – үйлердегі су тәулік бойы аға бастады. Осы уақытқа дейін су мұнарасының қуаты 4 сағат қана тұрақты жұмыс істеуге жеткілікті болған. Ауылда 1112 үй бар, тұрақты сумен жабдықтаудың болмауы адамдар үшін үлкен проблемаға айналған.
«Мәселені шешу үшін біз ауылдағы екі су ұңғымасына қуатты сорғылар орнаттық. Мәселе шешілді, енді Жыланбұзған тұрғындарының үйлерінде тәулік бойы судың қысымы тұрақты», - деді «Су және кәрізді басқару» МҚК-ң басшысы Бауыржан Ділдәбеков.
Маятас ауылында да айтарлықтай қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Бұл жерде құбырлар, клапандар, вентильдер, еден плиталары, 70 дана өрт гидранттары ауыстырылды, қысым реттегіштері мен біріктірілген ауа клапандары орнатылды.
ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің департаментінің мәліметінше,
2019 жылы Шымкент қаласында сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңарту және техникалық қайта жарақтандыру бойынша жоспарланған жұмыс көлемі 107 487 мың теңгені құрады.
барлық дауыс: 5078
дауыс мұрағаты