Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары
новость от 21.11.2019
Түркістанның болашақ «жасыл белдеуі»Түркістанда 268 су ұңғымасы пайдалануға беріледі, бүгінгі күні оның 57-сі бұрғыланған.
Көгалдандыру мақсатында облыс орталығы 32 секторға бөлініп, онда көгалдандыру жұмыстары белсенді жүргізілуде. Қазірдің өзінде күзде 7700 гектар абаттандырылады. «Жасыл белдеудің» айналасында суармалы жерлер де дамиды. Биыл 20-ға жуық жаңбыр жүйесі қаланың оңтүстік жағына орнатылуда. Болашақта олар бүкіл Түркістанды қоршап алады. Қала ішінде алаңдар, саябақтар, аллеялар пайда болады.
«Көгалдандыру және суару жұмыстары қаладағы жағдайды өзгерте алады. Мен бұған толық сенімдімін, және осы бағытта көптеген жобалар қолға алынды. Екі-үш жылдан кейін біз бұл жұмысты аяқтаймыз деп ойлаймын», - деді Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеев.
дауыс беруСумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне әр айдың 20-на дейін дұрыс төлеп тұрасыз ба?
Ия, әрдайым
40.9%
Жоқ, кейде тіпті ұмытып кетемін
20.5%
Жолым түскенде төлеймін
19.3%
Төлемегеніме көп уақыт болды
18.9%
барлық дауыс: 5080
дауыс мұрағаты