Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 25.11.2019
«Жерден шығып, жерге кетті»
Соңғы уақытта бүкіл әлемде су ресурстарын үнемдеуге және энергияның балама көздерін пайдалануға үлкен көңіл бөлінуде. Циркулярлы экономика қағидаттары белсенді түрде енгізілуде, өнім «жерден шығып, жерге кетті» қағидаты бойынша өңдеудің толық циклынан өтуде. Қазақстанда 2016 жылы заңнамалық деңгейде органикалық ауылшаруашылығы және оның өнімдері туралы шешім қабылданды. Бұл шешімдердің барлық деңгейде жұмыс істеуі өте маңызды.
Шымкент су арнасы органикалық тыңайтқыштар өндірумен және сатумен тығыз айналысуды жоспарлап отыр және осы бағытта белсенді жұмыс жүргізуде. Бұл жағдай серіктес ұйымдардың назарынан тыс қалмады.
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не органикалық тыңайтқыштар шығаратын түрік компаниясының өкілдері келді. Олар Шымкенттегі тазарту қондырғыларының жұмыс принциптерімен танысты, түрік кәсіпкерлері бірлескен іс-шаралар өткізу туралы ұсыныспен су шаруашылығы басшылығына жүгінуі мүмкін.
барлық дауыс: 5540
дауыс мұрағаты