Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 25.11.2019
Қала тұрғындарының сауалнамасында су арнасы көш басында
Танымал «Критика Шымкента» атты шымкенттік Instagram-қоғамдастықта қала тұрғындары үшін сауалнама басталды. Шымкенттіктерге «Тұрғындардың мәселелері бойынша кім жақсырақ және жылдам көмек береді?» деген сұраққа жауап беру ұсынылды. Бұл номинацияға қаланың барлық коммуналдық қызметтері және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы қатысты.
Дүйсенбі, 25 қарашада, біз дауыстарға санақ жүргіздік – біздің кәсіпорынның жұмысы туралы мәліметтер алу өте қызықты. Назарларыңызға сауалнаманың алдын-ала мәліметтері.
Сауалнамаға барлығы 156 адам қатысты. Кейбір қолданушылар бейтарап тақырыптар туралы айтса, біреулері барлық коммуналдық қызметтердің жұмысын «нөл» деп бағалады. Алайда біз тек таза дауыстарды санаймыз.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына 1 адам дауыс берді, «Казхтелеком» – 24, «Казтрансгаз» – 3, «Спецавтотранспорт» (тазалау және қоқыс жинау) – 10, энергетика –14, жылу компаниялары – 3, су арнасы – 101 адам.
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і және оның бөлімшелерінің қызметкерлері халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруды жалғастырады. Су арнасының басшылығы тұтынушылармен қарым-қатынас жасау үшін әрдайым ашық.
барлық дауыс: 5540
дауыс мұрағаты