Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 02.12.2019
ОҚМУ студенттеріне арналған тазарту қондырғылар кешеніндегі тәжірибелік сабақ
ОҚМУ басшылығы су арнасынан бітіруші курс студенттері үшін экскурсия өткізуді өтінді. 28 қарашада 4-курс студенттеріне «Ағынды суларды биологиялық тазарту» тақырыбында тазарту қондырғылар кешенінде тәжірибелік сабақ өткізілді. Болашақ мамандар өздерінің курстық жұмыстарының тақырыптарын тәжірибеден өткізуге мүмкіндік алды.
Биотехнология кафедрасының доценті А.Сапарбекова: «Біз тәжірибе жүзінде сарқынды суларды тазартудың биологиялық әдістерімен танысу үшін келдік. Біздің студенттеріміз биогазды қалай алуға болатындығын, мұнда электр қуатын қалай пайдаланатынын, сарқынды суларды ауылшаруашылық жерлеріне суармалы су ретінде пайдалануға болатын минималды деңгейге дейін тазарту мүмкіндігін көрді».
барлық дауыс: 5540
дауыс мұрағаты