Жаңалық - Әлем жаңалықтары
новость от 02.12.2019
Әр түрлі елдердегі су ресурстарын басқарудың кешенді бағдарламалары
БҰҰ-ның «Өмір үшін су» бағдарламасы мемлекеттер ұсынған стратегиялық бағыттардың кең спектрін қамтиды. Осы бағдарламаға сәйкес соңғы 50 жыл ішінде елдер су ресурстарына қатысты 150 келісім жасасты.2010 жылдың 28 шілдесінде БҰҰ Бас ассамблеясы қауіпсіз, таза ауыз суға және кәрізге деген құқықты адамның өмір сүруіне және басқа барлық құқықтарын толық жүзеге асыруға қажетті негізгі құқықтардың бірі ретінде жариялады.
Көптеген елдер су ресурстарын басқарудың интеграцияланған бағдарламалары мен жоспарларын жасады және мақұлдады. Еуропалық Одақта 2000 жылдан бастап ЕС елдері үшін міндетті болып табылатын Су негіздері жөніндегі директива күшіне енді.
Германияда «Су ресурстарын басқаруды ұйымдастыру туралы» Заң қабылданды, оған сәйкес «су табиғаттың ажырамас бөлігі болып табылады және жануарлар мен өсімдіктердің тіршілік ету кеңістігі ретінде қорғалады». Сондай-ақ, «Ағынды сулар үшін төлемдер туралы» Заң қабылданды.
АҚШ-та су заңы жекелеген штат заңдарына негізделген. Олардың кейбіреулерінде суды пайдалану құқығының басымдылығы (уақыт бойынша) қолданылады. Өзен бассейндерінде әдетте су пайдаланушылар қауымдастығы бар. Шығыс штаттарда «жағалау құқығы» деп аталатын қағида қолданылады, оған сәйкес суды тек жағалаудағы жерлердің иелері ғана қолдана алады.
Жапония ұзақ мерзімді Ұлттық кешенді жоспарын (Су ресурстарын басқару жоспары) әзірлеген, онда гидрологиялық жағдайлар үшке бөлінеді: қалыпты, тапшы және ең құрғақ, сонымен қатар ұзақ мерзімді сұраныс пен сумен жабдықтау перспективалары бағаланады.
барлық дауыс: 5600
дауыс мұрағаты