русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары

новость от 08.12.2019

Су хабы ашылды
Қазақстан мен Орта Азиядағы су ресурстарын кешенді басқару мәселелерімен ҚазҰАУ ғалымдары айналысады. Университет базасында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, Азия Даму Банкі (АДБ) және ЮНЕСКО-ның қолдауымен 9 зертханадан тұратын су хабы ашылды. Мұнда су мамандарының, жер мамандарының, ауылшаруашылық экономистерінің ғылыми мектептері құрылды.
Хаб судың тепе-теңдігі, топырақтың тозуы мен тұздануы, мелиорация, су басу, аймақтардағы тұщы судың мөлшерін және өзендердегі су деңгейінің мәселелерін талқылауға халықаралық сарапшыларды тартады. Ғалымдар ірі гидротехникалық құрылыстар мен су қоймаларындағы апаттар қаупін талдау және бағалау, тиісті нысандардың сенімділігі мен қауіпсіздігі, су ресурстарын реттеу және қорғау бойынша жан-жақты зерттеулер жүргізеді.
География институтының мамандарымен бірге Сырдария өзенінде Көксарай реттегіш су қоймасы құрылысының тиімділігі мен орындылығын ғылыми-техникалық негіздеме берілді, оның іске қосылуы Қызылорда мен Түркістан облыстарының бір бөлігінде су қауіпсіздігін арттырды. Бұл зерттеулер «Қазақстан-2050» Стратегиясының мақсаттары мен міндеттері аясында жүргізілді.

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары