русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 19.12.2019

Апаттық-құтқару жұмыстары
2019 жылдың 18 желтоқсанында сағат 11.00-де Абай ауданындағы Қарасу көшесінің бойында фильтрациялық сулар жер бетіне төгіліп, аулаларды су басуда деген ақпарат түсті. Жағдайды нақтылау үшін оқиға орнына ТЖД бастығының орынбасары полковник Е.Бахаев пен Абай ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы подполковник Г.Муратов келіп, жазда тұрғындар Қарасу өзеніндегі су деңгейін көтеруге өз бетінше тосқауыл жасағанын анықтады. Жауын-шашын мен жер асты сулары деңгейінің көтерілуі салдарынан су деңгейінің жоғарылауы байқалды, нәтижесінде көшедегі екі тұрғын үйдің аумағына су ағып кетті. Әкімдік, «Тұрмыс» ЖШС-і, су арнасы және «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметтері» ММ-нің қызметкерлері 20 текше метр көлемінде суды сорып алды. 2019 жылғы 18 желтоқсанда сағат 16.00-де «Тұрмыс» ЖШС-нің қызметкерлері Қарасу өзенінің арнасын қоқыстардан тазарту жұмыстарын жүргізді, сонымен қатар Қарасу өзеніндегі су деңгейін көтеру үшін өздігінен орнатылған кедергілерді жойды. Суды айдауға көмектесу үшін учаскеде 3 жеке құрам мен 1 өрт сөндіруге арналған мотор сорғысы жұмыс істеді. Әкімдік тік дренаж қондырғысын жоспарлы қаржыландыруды қарастырады.
Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің ішкі және сыртқы байланыстар тобы


«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары