русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары

новость от 23.12.2019

Қырғызстан мен Қазақстан су мәселелері бойынша жұмыс тобын құрды
Халықаралық Аралды құтқару қорының (ХАҚҚ) қызметіне 2015 жылы өз қатысуын «тоқтатқан» Қырғызстан Қазақстанмен осы мәселе бойынша бірлескен жұмыс тобын құруға келісті. Тиісті келісімге 16 желтоқсанда ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі М.Мырзағалиевтің Бішкекке сапары кезінде қол жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
«Біз Қырғызстандағы әріптестерімізбен жұмыс тобын құрып, су мәселелері бойынша тұрақты, күн сайын жұмыс жасайтынымыз туралы келістік. ХАҚҚ-ға сәйкес, біз Аралды құтқару мәселесін тұрақты түрде талқылау үшін бөлек жұмыс жасайтын жұмыс тобын құрамыз деген шешімге келдік», - деді сапардан кейін М.Мырзағалиев.
Келіссөздер барысында Мырзагалиев Шу өзені бассейнінде қырғыз тарапының суды жеткізу кестесі туралы мәселені көтерді. Оның айтуынша, бұл мәселені шешу үшін онлайн режимінде гидрологиялық мәліметтермен алмасу жүйесін енгізу қажет. Сондай-ақ, Сырдария өзені бассейніндегі су ресурстарын басқару мәселелері көтерілді.

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары