Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 25.12.2019
Жыл қорытындысы. Су арнасының қонақтары
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і – бұл сенімді серіктес және кәсіпорын, ол саладағы үздіктердің бірі болып саналады. Мұны Қазақстанның басқа қалалары мен мемлекеттерінен қонақтардың жиі келуі растайды. Компания үнемі сумен жабдықтау және су бұру саласында жаңа технологияларды енгізеді, сондықтан Шымкентке су арнасының тәжірибесін зерделеу үшін жан-жақтан мамандар келеді.
Ынтымақтастық және «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-ң тәжірибесін зерделеу мақсатында 2019 жылы Финляндия, Америка, Түркия, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан, сондай-ақ Қазақстанның облыс орталықтарынан келген делегациялар су арнасында болды.
Сондай-ақ, 2019 жылы су арнасына Премьер-Министр А.Мамин, Премьер-Министрдің орынбасары Ж.Қасымбек, ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Қ.Өскенбаев, «Қазақстан Су Арнасы» қауымдастығының төрағасы В.Сюндюков келді.
барлық дауыс: 5078
дауыс мұрағаты