Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 26.12.2019
Шымкент су арнасында жылдың аралық қорытындылары шығарылды
Биыл кәсіпорын ауқымды жұмыс атқарды. Магистральдық құбырлар күрделі жөндеуден өтті, өндіріс жаңғыртылды, Шымкентте абоненттер саны артты.
Жаңа жыл қарсаңында «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-ң басшылығы қызметкерлерді келе жатқан мерекелерімен құттықтады. Ерекше қызмет атқарған қызметкерлерге марапаттар берілді. Бас директор Мурад Урманов Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаевадан алғыс хат алды. Осыдан біраз уақыт бұрын Мурад Анарбекұлы «Құрмет» орденінің иегері болды.
Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің алғыс хаттары Бас директордың орынбасарлары Рахымжан Шамсутдинов пен Жанатбек Турдалиевке, сондай-ақ Бас директордың көмекшісі Галия Муртазинаға берілді.
Бес қызметкерге Инвестициялар және индустриалды даму министрлігі алғыс білдірді. Сонымен қатар, қалалық мәслихат, Шымкент қаласының әкімі, «Нұр Отан» партиясының филиалы мен Қазақстан су шаруашылығы қауымдастығы су арнасы қызметкерлеріне құттықтаулар мен құрмет грамоталарын жолдады. Кәсіпорынның 20-дан астам мамандары «Құрмет белгісіне» ие болды.
Сонымен бірге, компания басшылары қызметкерлерге демалыс кезінде қала тұрғындарын сумен үздіксіз қамтамасыз ету, төтенше жағдайлардың алдын алу және туындаған проблемаларға жедел ден қою керектігін ескертті.
барлық дауыс: 5540
дауыс мұрағаты