Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 04.01.2020
Су арнасы және балалар
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і балалар және жасөспірімдермен жүргізілетін жұмысқа ерекше көңіл бөледі. Оқушылар мен студенттер кәсіпорында жиі қонақта болады.
2019 жылы мектеп оқушылары және колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері үшін сапалы, таза су алу, қаланы сумен қамтамасыз ету және кәріз желілерінің жұмысымен танысу үшін мекемеде экскурсиялар өткізілді. Экскурсия жоспарлары келушілердің жасы және оқу процесінің бағытын ескере отырып жасалды. Барлығы 18 экскурсия жүргізілді.
Су шаруашылығы қызметкерлері балаларының ата-анасының кәсібі туралы түсініктерін қалыптастыру, олардың қызметіне деген мақтаныш сезімін ояту үшін «Менің ата-анам су арнасында жұмыс істейді» атты отбасылық акциясы өткізілді. Акция барысында аналар мен әкелер балаларын жұмыс орындарымен таныстырды, эссе мен суреттер байқауы өткізілді, балалар шығармаларының көрмесі және ертеңгілік ұйымдастырылды.
2020 жылы жас жеткіншектермен жұмыс жалғасады.
барлық дауыс: 5078
дауыс мұрағаты