Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 12.01.2020
Еңбекші ауданында сумен жабдықтау саласында не істелді
Еңбекші ауданында «Бадам» тұрғын үй кешенін сумен жабдықтау жүйесін салу үшін жобалық-сметалық құжаттама жасалды, ал 2020 жылға 301,24 млн. теңге қаражат бөлінді. Бадам-1, Бадам-2 тұрғын үй алқаптарында «Лидер Строй Проект 2002» ЖШС-і сумен жабдықтау желісін салуды бастады (жобаның құны - 196,5 млн.теңге, 2019 жылға - 1 млн.теңге). Жоба 2020 жылға көшеді.
2019 жылы «Базар-Қақпа» - «Ынтымақ бес Арыс» ЖШС-і, «Турдыабад» - «Омега Строй» ЖШС-і, «Абдулабад» - «Авторемстрой LTD» ЖШС-і тұрғын үйлерде сумен жабдықтау желілеріне ағымдағы жөндеу жүргізді. «Базарқақпа» (2 кезең), «Абдулабад» (2 кезең), «Бадам-1», «Жыланбұзған», «Тоғыс», «Айнатас» тұрғын алаптарының су құбырларын ағымдағы жөндеу үшін сметалық құжаттар әзірленуде.
барлық дауыс: 5540
дауыс мұрағаты