Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары
новость от 14.01.2020
Инвестор бас тартты
«Атырау Су Арнасы» мемлекеттік кәсіпорнына салынған айыппұлдар осы кәсіпорынды сенімгерлік басқаруға алғысы келген инвесторды қорқытып жіберді.
2019 жылғы қыркүйекте мемлекеттік конкурстың шарттарына сәйкес «Атырау Су Арнасы» мемлекеттік кәсіпорны «Диар және Компания» ЖШС-нің сенімгерлік басқаруына берілген болатын. Алайда, қаржылық және техникалық аудит нәтижелері бойынша инвестор сенімгерлік басқаруға қатысудан бас тарту туралы шешім қабылдады. Осы шешімге облыстық экологиялық департаменттің «Атырау су Арнасы» АҚ-на 30 миллиард 133 миллион теңге көлемінде экологиялық айыппұл салғаны себеп болды. Оған қоса «Луговской жылқы зауыты» ЖШС-і (шамамен 1,5 млрд. теңге) және «Орал-Атырау бекіре тұқымдас балық өсіру зауыты» (шамамен 500 млн. теңге) келтірілген залалды өндіріп алу туралы талап арыз берді. Талап арызды Атырау облыстық орман шаруашылығы мен жануарлар әлемі аумақтық инспекциясы да қойды.
Осыған байланысты, сенім білдірілген тұлға объектіні сенімгерлікпен қабылдаудан бас тартып, шартты бұзуды сұрады. 25 қазанда оның қызметі тоқтатылды.
барлық дауыс: 5073
дауыс мұрағаты