русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 15.01.2020

Шымкенттегі суару мәселесі
Өткен ғасырдың 90-шы жылдарының басында қалалық суару жүйесі істен шықты, Шымкенттің шетіндегі және тіпті оның орталық бөлігінің тұрғындары су басудан зардап шекті, жертөлелерде су, ылғал мен қабырғаларда шірік пайда болды.
Бүгінде жағдай күрделене түсуде, өйткені суару арықтары – темірбетон лотоктар бұзылды, олар арқылы жауын-шашын сулары суару арналарына ағын кететін. Оларды және басқа да каналдарды кей жерлерде бетондап тастаған, кей жерлерде қоршаған, көліктерге арналған тұрақтарға, бизнес нысандарына арналған платформаларға айналдырған. Олар кей жерде пайда болады, содан кейін қайта жоғалып кетеді, сондықтан олармен жаңбыр ағындарын ағызып жіберу мүмкін емес. Жаңбырдан кейін бітеліп қалған арықтардан су тасып, тротуарлар мен тас жолдарға ағады, мұның салдарынан жаяу жүргіншілер суды кешіп жүруге, ал көліктер жүзіп өтуге мәжбүр.
Одан басқа, бұрын қаланың ирригациялық жүйесін 54 тік дренажды құдықтар сумен толтырған. Олардың көмегімен жер асты суларының жоғары деңгейі мәселесін шешіп, тұрғын үйлерді су басудан сақтаған. Дренажды құдықтар сонымен қатар жазда суару арықтары мен каналдарға суармалы ылғал беріп, суару жүйесіне де көмектескен. Әрбір құдық бүгінгі таңда істен шыққан, тіпті олар қай жерде орналасқанын да адамдар есіне түсіре алмауы да мүмкін.
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і Бақылау кеңесінің төрағасы Анарбек Орман: «Шымкентті суаруға жерасты суларын пайдалану үшін қараусыз қалған тік дренажды ұңғымалар шұғыл түрде қалпына келтірілуі керек, - деді. - Сол сияқты, суару жүйесінің жұмыс істеуі үшін каналдарды қайта жандандыру қажет».
Дәл осы су жеке учаскелер мен қала көшелеріндегі жасыл жерлерді суару үшін пайдаланылуы керек. Осы мақсатта су құбырларын пайдалануға болмайды. Ол өсімдіктерге зиянды, бюджетке ысырап етеді.
Ирригацияны қалпына келтіру қатты жауын-шашын кезінде су басу мәселесін шешеді. Шымкенттік ғалымдар бірнеше рет қала басшылығының назарын осыған аударды. Сонда ағаштар да тез өсіп, қалалық микроклимат айтарлықтай жақсарады. Тек қазір бұл үндеулердің барлығы шөлде жылап жатқан адамның үні болып қала беруде.
Л.Доброта материалдары негізінде (Казахстанская правда)

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары