Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 16.01.2020
Абай ауданының шеткі елді мекендеріне су қашан келеді
Абай ауданындағы алыс елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылы Жиделібайсын және Гагарин көшелерінің қиылысынан «Көкбұлақ» тұрғын алабына дейін магистральдық желі құрылысын бастау жоспарлануда. Жоба 448,7 млн. теңгеге бағаланады.
Сонымен қатар, келесі елді мекендерді сумен жабдықтау желісін салу жоспарлануда:
- «Жаңаталап» тұрғын үй кешені – 676 үй (жобалық құны – 818,5 млн. теңге);
- «Қызылжар» тұрғын үй кешені – 684 үй (жобалық құны – 186,5 млн. теңге);
- «Игілік» тұрғын үй кешені – 1319 үй (жоба құны – 634,7 млн. теңге);
- «Тәуелсіздікке 20 жыл» тұрғын үй кешені – 716 үй (жобалық құны – 237,5 млн. теңге);
- «Көкбұлақ» тұрғын үй кешені – 312 үй (жоба құны – 291,8 млн. теңге);
- «Запад» шағын ауданы – 2500 үй (жобалық құны – 214,8 млн. теңге).
Үш тұрғын үй алқабына сумен жабдықтау желісін жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге 86,1 млн. теңге бөлінді, сараптама қорытындысын алғаннан кейін қаржы ресурстарын бөлуге бюджеттік өтінім келесілер бойынша ұсынылады:
- «Ақтас» тұрғын үй кешені – 115 үй («Су жоба құрылыс» ЖШС-і);
- «Солтүстік саяжай» шағын ауданы – 1025 үй (4875 жер учаскесі, «Су жоба құрылыс» ЖШС-і);
- «Ынтымак-2» шағын ауданы – 1794 үй («Конструктор 80» ЖШС-і).
Сонымен қатар, «Арғымақ» ықшамауданының жобалық-сметалық құжаттарын (2000 учаске, 35 үй) әзірлеу туралы ұсыныс жасалды.
барлық дауыс: 5092
дауыс мұрағаты