Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 20.01.2020
Өзекті мәселе
«Биомех» ЖШС-ң басшысы Ирина Казаринова желіге жауын-шашынмен бірге ауыр металдар, мұнай өнімдері және басқа да химиялық элементтер түсіп, кәріз тазарту қондырғыларында қолданылатын микроорганизмдерге қауіп төндіреді деп алаңдаулы.
«Біз микроорганизмдердің екі түрін қолданамыз – анаэробты және аэробты, - дейді Ирина Казаринова. - Бірі суды биологиялық тазартуға, ал екіншісі – шламды өңдеуге және биогаз, метан, жылу, электр энергиясын өндіруге жауап береді. Екеуіне де мұнай өнімдері мен кез-келген токсиндер зиян тигізеді. Олар ыңғайлы ортада болуы тиіс және ешқандай жағдайда оған құм кірмеуі керек. Бірақ іс жүзінде, нөсерлі ағынды суда бәрі бар – құм, қиыршық, тіпті тастар».
Көшедегі «байлықтың» бәрі кәріз желілері арқылы үлкен көлемде тазарту қондырғыларына түседі, сондықтан оларды бөліп алуға мүмкіндік болмай қалады. Массасы кокстеледі, ашыту процесін бұзады. Нәтижесінде тазалаушы микроорганизмдер өледі. Технологиялық процесті қайта бастау үшін екі жарым ай қажет. Осы уақыт ішінде компания өңделмеген шламды жөнелтуі керек, бұл өз кезегінде топыраққа және қоршаған ортаға жүктемені көбейтеді. Сонымен қатар, осы кезеңде меншікті электр энергиясын өндіру мүмкін емес, бұл тек тікелей шығындарды арттырады.
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нде қала билігін нөсерлік кәріз желісін жобалау мен салуды қолға алуға тек кәріз желілеріне ағатын жауын-шашын мөлшерін актілеуді бастағанда ғана мәжбүрлеуге болады деп санайды. Содан кейін бұл актілерді тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне тапсырып,су арнасының қосымша шығындарын бюджеттен төлеуді талап ету қажет.
Бүгінгі күні тұрғындар мен кәсіпорындар кәрізге ақы төлеуде, ал қала мәселенің өзектілігін байқамауға тырысып, шетте қалып отыр.
Л.Добротаның «Плавают» улицы, «тонут» дома» атты мақаласы негізінде (Казахстанская правда, 13.01.2020, №7)
барлық дауыс: 5540
дауыс мұрағаты