Жаңалық - Микс
новость от 20.01.2020
Президенттік кадрлар резервіне 8 шымкенттік кірді
Ұлттық комиссия Президенттің кадрлық резервіне 300 жас қазақстандықты іріктеді, болашақта олар мемлекеттік басқаруда жоғары лауазымдарды атқара алады. Олардың ішінде 8 шымкенттік тұрғын бар. Бұлар – Шымкент қалалық сот әкімшісі Нұрсұлтан Байтілесов, Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік мүлік және жекешелендіру бөлімінің өкілі Ақылбек Қарабалаев, «Shymkent» ӘКК төрағасының орынбасары Сергей Компаниец, «Бал-Текстиль» ЖШС-і төрағасының орынбасары Дәулет Канашаев, № 9 мектеп-лицейдің шет тілі мұғалімі Гүлісхан Нахбаева, «Скиф Трейд» ЖШС-і сату бөлімінің бастығы Дмитрий Поддубный, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша бөлімінің бас маманы Аяна Раева, «Qazaq Geography» республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының кеңесшісі Олжас Шинтаев.








