Жаңалық - Құттықтаймыз
новость от 02.02.2020
Құрметті Раушан Сейдұллақызы!
Еңбегіңіз еленіп құрметті демалысқа шыққан қуанышты күніңіз құтты болсын! Есткен еңбектің еленгені кімге де болса қуаныш, көңілге үлкен медет. Өз ісіңізге берілгендігіңіз бен кәсіби шеберлігіңіз, әділдігіңіз бен адамгершілігіңіз үшін әріптестеріңіз Сізді білікті маман, ақжүрек азамат ретінде құрмет тұтып сыйлайды. Сізге деніңіздің саулығын, шаңырағыңызға ырыс байлығын, жүрегіңізге мәңгі жастық жалынын, көңіліңізге сезімнің шалқыған шаттығын тілейміз. Әрдайым осы тыңғылықты да тындырымды қалпыңыздан танбай, көңіліңіз ғұмыр бойы көтеріңкі болып, өмір айдынында қайғы-мұңды білмей, еркін жүзе беріңіз. Дос-жаран мен туған-туыс алдында абыройыңыз әрдайым артып, аңсаған арманыңыздың асуларына жете беріңіз!
барлық дауыс: 5541
дауыс мұрағаты