Жаңалық - Микс
новость от 03.02.2020
Бақылаудағы жағдай
2 қаңтарда Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамасыз ету мақсатында Денсаулық сақтау министрлігінің жедел медициналық көмек ұлттық үйлестіру орталығы 83 қазақстандықты алып келді, олардың 80-і – Қытайдың Ухань қаласында болған студенттер.
6 қаңтардан бастап Денсаулық сақтау министрлігі Қытайдан біздің елге келген қазақстандықтар мен шетелдіктердің 81 пайызын тексеріп үлгерді. 31 қаңтардағы жағдай бойынша дәрігерлер оқшауланған блокта жедел респираторлы вирустық инфекциялар туралы шағымдармен 66 адамды ауруханаға жатқызды. Бірақ олардың 25-і сау болып шықты және босатылды, ал 41 адам ауруханаларда қалды.
Денсаулық сақтау министрлігі Ухань пневмониясымен ауырудың алдын алу бойынша ұсыныстар жасады.
1. Адам көп жиналатын орындарға барудан аулақ болу.
2. Жедел респираторлы вирустық инфекциялар белгілері бар адамдармен байланыста болудан аулақ болу және қолды үнемі сабындап жуу.
3. Қоғамдық орындарда маскаларды киіп, әр 2-3 сағат сайын ауыстырып тұру.
4. Түшкіру мәдениетін сақтау: өзіңізбен бірге майлықтар алып жүру, егер жоқ болса, оң иықтың ішкі бетіне түшкіру.
5. Ет өнімдерін мұқият қайнату, қуыру, көкөністер мен жемістерді қайнаған суға жуу. Базарда кептірілген жемістердің дәмін татып көрмеу.
барлық дауыс: 5117
дауыс мұрағаты