русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 04.02.2020

ГАЖ су арнасының қызметінде
Заманауи әлемде сапалы қызмет көрсету үшін цифрлық технологияларды, ғылыми әзірлемелер мен жұмыстағы ең жаңа жабдықтарды үнемі жаңартып отыру қажет. Шымкент су арнасы заманауи сұраныстарға жауап беруге тырысады.
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і бірнеше жылдан бері географиялық-ақпараттық жүйені (ГАЖ) енгізіп келеді. Сумен жабдықтау мен кәріз желілерінің электрондық картасы жасалған, картада осы күрделі схеманың барлық маңызды түйіндері, құбырлардың диаметрлері, ұңғымалар мен өрт гидранттарының орналасуы және тағы басқалар көрсетілген.
Кәсіпорында енгізілген тағы бір өнім – гидравликалық модельдеу. Осы бағдарламаның арқасында мамандар жүйедегі судың қысымы, оның жылдамдығы және қаланың сумен жабдықтауына әсер ететін басқа да маңызды параметрлер туралы біледі.
Электрондық схема нақты жұмыс істеуі үшін және бағдарламашылар алдын ала болжау жасап ұсыныстар бере алуы үшін мәліметтер қорын толықтырып отыру қажет. Ақпарат көздерінің бірі – орталық диспетчерлік қызмет. Күн сайын орталық диспетчерлік бөлімінен ГАЖ бөліміне судың ағуы мен апаттар туралы ақпарат, бақылау нүктелерінен судың қысымы туралы мәліметтер, сол сияқты судың есептегіш құралдарындағы тарататын құрылғылардан ақпараттар келіп түседі. Деректерді өңдеу мен есептеулер нәтижесінде құбырды жөндеуді немесе ауыстыруды қажет ететін жерлердегі проблемаларды жою туралы ұсыныстар берілуі мүмкін. Жер асты ағып кететін жерлерді анықтауға және осы қауіптерді тез жоюға, жүйедегі жеткіліксіз немесе, керісінше, шамадан тыс қысым туралы білуге, құбырлардың өткізу қабілеті тұтыну көлеміне сәйкес келмейтін аудандарды анықтауға болады.
Бөлімді дамыту және процесті автоматтандыру үшін заманауи компьютерлік бағдарламаларды енгізу қажет. Сондықтан компания осындай өнімдерді әзірлеуге және сатуға қатысатын шетелдік әріптестермен келіссөздер жүргізуде. Жақын уақытта Шымкентте гидравликалық модельдеудің соңғы бағдарламасы жұмысты бастауы мүмкін.
АНЫҚТАМА: Геоақпараттық жүйе (географиялық ақпараттық жүйе, ГАЖ) – кеңістіктік (географиялық) мәліметтерді және қажетті объектілер туралы ақпаратты жинауға, сақтауға, талдауға және графикалық бейнелеуге арналған жүйе.
Географиялық ақпараттық жүйе ұғымы сонымен бірге тар мағынада да қолданылады – пайдаланушыларға аумақтың сандық картасын, сонымен қатар объектілер туралы қосымша ақпаратты іздеуге, талдауға және өңдеуге мүмкіндік беретін құрал (бағдарламалық өнім) ретінде. Картография, геология, метеорология, жерге орналастыру, экология, муниципалды басқару, көлік, экономика, қорғаныс және басқа да салаларда қолданылады.

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары