русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 13.02.2020


Ассенизаторлық машиналардың иелері өздерінің цистерналарындағы ағындыларды қалалық кәріз жүйесіне тастайды. Осыған ұқсас бірнеше факт он бесінші шағын ауданда тіркелген. «Ладушка» кафесінің адал қызметкерлері бұл туралы Шымкент су арнасы әкімшілігіне хабарлап, құқық бұзушы машиналардың бірнеше фотосуреттерін жіберді.
«Мұндай әрекеттер үшін әкімшілік айыппұл қарастырылған, - деді кәріз желілерін пайдалану бөлімінің бастығы Абзал Зейнетаев, - біз септиктер мен құдықтарды тазартумен айналысатын барлық кәсіпкерлермен келісім жасадық, соған сәйкес олар ағындыларды келісілген ақы үшін белгілі бір жерге тастауға міндетті.. Егер қалалық кәріз жүйесіне ағынды сулар жіберілгені анықталса, біз ондай істерді әкімшілік полицияға береміз». Бұған қоса, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау қызметі осындай әрекеттері үшін ереже бұзушыларға айыппұл салады, деп қосты су арнасының өкілі.
«2019 жылы осыған ұқсас бірнеше фактілер анықталды, бұзушылық жасағандарға әкімшілік айыппұл салынды, - деді заң бөлімінің бастығы Кеңес Әлібаев, - біз заң бұзушыларды өзіміз анықтадық, кейбір жағдайларда заң бұзушылардың суреттерін қала тұрғындары жіберді. Ассенизаторлар ағынды суларды бұрынғы қоқыс тастайтын орын аумағында заңды түрде төгуді жүзеге асыруы керек, дәл сол жерде төгу станциясы орналасқан».
Егер сіз осындай құқық бұзушылықты көрген болсаңыз, суретке немесе бейнеге түсіріп, деректерді су арнасының Орталық диспетчерлік қызметіне +7708110 2121 вацап нөміріне немесе қоғаммен байланыс бөлімінің +7705758 11 11нөміріне жіберіңіз. Есіңізде болсын, мұндай заңсыз ағызу жүйенің бітелуіне әкеліп соғуы мүмкін, соның салдарынан жақын маңдағы үйлер ағынды суларға байланысты проблемаларға шалдығады.
«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары