Жаңалық - Аймақ жаңалықтары
новость от 18.02.2020
Сумен қамтамасыз ету проблемалары шешіледі
Шымкент қаласындағы 81 елді мекеннің 63-і толықтай ауыз сумен қамтамасыз етілген,10 – ішінара, сегізіне су көлікпен әкелінеді. Халықты сумен қамтамасыз ету деңгейі 94,7 пайызды құрайды. Соңғы үш жылда халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 31 мыңнан астам тұрғыны бар тоғыз елді мекенде сумен жабдықтау желілері қосылды. Қазіргі уақытта қаланың солтүстік бөлігінде жаңа ықшамаудандарды дамытуға арналған қуат жеткіліксіз. Бұл мәселені шешу үшін үш магистралдық құбыр салу қажет. Биыл қалалық бюджет есебінен сегіз елді мекенді сумен қамтамасыз ететін екі магистралдық су құбыры салынады. Сонымен қатар, шалғайдағы бес елді мекенді сумен қамтамасыз ету үшін магистралдық жүйенің құрылысы жүргізілуде. Алдағы үш жылда су тапшылығы сезінген он елді мекенге су құбырларын, сондай-ақ қала үшін жетіспейтін магистралдық су құбырларын салу жоспарлануда.
барлық дауыс: 5688
дауыс мұрағаты