Жаңалық - Микс
новость от 20.02.2020
Супермаркеттердегі заттардың сақталуына кім жауапты?
Тұтынушылардың құқығын қорғау комитеті супермаркеттердің сақтау камераларында қалған заттарға дүкен жауап беретінін түсіндірді. Дүкеннің ішкі ережелеріне сәйкес заттарды сақтау камерасына салып, сіз сақтау туралы келісім жасасасыз. Егер заттар жоғалып кетсе, маркет басшылығы жауап береді. Айтпақшы, супермаркет сатып алушыны сол жақтағы сақтау камерасына заттарды беруге мәжбүр етуге құқылы емес, өйткені «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында кез-келген азамат келісім жасасуға еркін және оған ешкім кедергі жасай алмайтыны айтылған. Оның үстіне дүкен – қоғамдық орын.
дауыс беруСумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне әр айдың 20-на дейін дұрыс төлеп тұрасыз ба?
Ия, әрдайым
41.0%
Жоқ, кейде тіпті ұмытып кетемін
20.5%
Жолым түскенде төлеймін
19.3%
Төлемегеніме көп уақыт болды
18.8%
барлық дауыс: 5072
дауыс мұрағаты