БІЗ ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ФАКТІЛЕР
1. Қаланың су қабылдағыштары тәулігіне 381 мың шаршы метр су өндіруге қабілетті. Бірақ қазіргі уақытта Шымкенттің қажеттілігі тәулігіне 146,3 мың шаршы метрді құрайды,. Яғни, қолда бар қуаттардың 38%-ы. Бұл 77,5 олимпиадалық бассейн.
2. Шымкенттің сумен жабдықтау жүйесі 100%-ға есепке алу аспаптарымен қамтамасыз етілген. Суды есептеу паркі (жалпы үйлік, жалпы көшелік және тоқсандық аспаптар, қашықтан деректерді беру жүйесімен) 4 741 дананы құрайды.
3. Шымкенттегі су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы 5 034 шақырым. Бұл Шымкенттен Берлинге дейінгі қашықтық.
4. Қаладағы кәріз желілерінің ұзындығы – 783 шақырым, бұл Шымкенттен Қапшағайға дейінгі арақашықтықтан сәл артық.
5. Қалалық тазарту қондырғылары тәулігіне 150 мың шаршы метрді өңдеуге дайын, бірақ әзірше 87% қуат қолданылуда.
6. Тұнбаны өңдеу және биогаз негізінде электр энергиясын өндіру цехы жылына 3,5 миллион киловатт/сағ өндіреді.
7. Шымкентте 204 929 абонент (жеке тұлғалар) ресми түрде тіркелген, 326 тұтынушы – мемлекеттік мекемелер және 6 503 заңды тұлғалар.
барлық дауыс: 5151
дауыс мұрағаты