Сұрақтар-жауаптар - Басқа (12)
02.11.2017 (сұрақтың нөмірі 1131)
сұрақ қойылды: Cатыбалдиев Жүрсінбек КөпбаевичСұрақ: Саламатсыздар ма? Мен өзім 2-ші топтағы мүгедекпін. Біздің көшеден өтетін канализация трубалары (4-ші коллектор) ескіріп, әбден тозығы жеткен. Жаңбырлы күндері тесілген канализация трубаларынан су атқылап, кір-лай су тасып, біздің және көрші үйді су басып қала береді. Үйден шыға алмай, балаларымыз сабақтан да қалып жатады.Бұл бірнеше жылдан бері қайталанып келеді. Сіздердің тараптарыңыздан жұмысшылар келіп трубаны тазалағанмен еш нәтиже жоқ. Кішкене арық қазып береді,су ағып кетсін деп, бірақ оны судың қатты ағысы бұзып біздің үйге қарай су тасып кете береді..Бұлай жалғаса берсе үйіміздің опырылып құлап қалуы ғажап емес. Міне қайтадан жаңбырдың сезоны басталайын деп жатыр, яғни біздің үйімізді су басып қалу проблемасы басталғалы жатыр. Ескірген канализация трубаларын қашан дұрыстап жөндеп бересіздер, немесе жаңа трубаларға ауыстырасыздар? Сіздерге сол жаңбырлы күнгі бірнеше суретті жіберіп отырмын.
Жауап: Хатыңызда көрсетілген мәселеге байланысты Нұрсат мөлтекауданының ирригация /арық/ жүйелері «Дендросаябақ» аумағынан тоқтаған, нөсер жауын-шашын кезінде барлық артық сулар «Дендросаябақ» аумағына жиналғандықтан тұрғындар кәріз құдықшаларының қақпақтарын ашып, артық суларды кәріз жүйесіне жіберуде, сол себепті Солтүстік-Батыс м/а, Ізгілік көшесінде «Дендросаябақ» аумағынан келетін ауқымды сулар кәріз жүйелерінен сыртқа тасып, аталған көше сайлы аумақта орналасқандықтан барлық артық жауын-шашын сулары осы көше бойына жиналатындығы анықталды. Аталған мәселеге байланысты «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС қызметкерлерімен Солтүстік-Батыс м/а, Ізгілік көшесі бойынша д-1000мм-лік орталық кәріз құбырына 2017 жылдың 1-ші жарты жылдығында тазалау жұмыстары жүргізіліп, бүгінгі таңда аталған кәріз коллекторына 2018 жылы күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге жобалық-сметалық құжат (ЖСҚ/ПСД) әзірленген. Осыған орай жоғарыда көрсетілген кәріз коллекторға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаржыландыру 2018 жылы жоспарлануына байланысты, аталған кәріз коллекторға күрделі жөндеу жұмыстары 2018 жылы жүргізілетіндігін хабарлаймыз.
барлық дауыс: 5176
дауыс мұрағаты