сұрақтар-жауаптар - Басқа (12)
<<| [1] |>>
02.11.2017 (сұрақтың нөмірі 1131)
сұрақ қойылды: Cатыбалдиев Жүрсінбек КөпбаевичСұрақ: Саламатсыздар ма? Мен өзім 2-ші топтағы мүгедекпін. Біздің көшеден өтетін канализация трубалары (4-ші коллектор) ескіріп, әбден тозығы жеткен. Жаңбырлы күндері тесілген канализация трубаларынан су атқылап, кір-лай су тасып, біздің және көрші үйді су басып қала береді. Үйден шыға алмай, балаларымыз сабақтан да қалып жатады.Бұл бірнеше жылдан бері қайталанып келеді. Сіздердің тараптарыңыздан жұмысшылар келіп трубаны тазалағанмен еш нәтиже жоқ. Кішкене арық қазып береді,су ағып кетсін деп, бірақ оны судың қатты ағысы бұзып біздің үйге қарай су тасып кете береді..Бұлай жалғаса берсе үйіміздің опырылып құлап қалуы ғажап емес. Міне қайтадан жаңбырдың сезоны басталайын деп жатыр, яғни біздің үйімізді су басып қалу проблемасы басталғалы жатыр. Ескірген канализация трубаларын қашан дұрыстап жөндеп бересіздер, немесе жаңа трубаларға ауыстырасыздар? Сіздерге сол жаңбырлы күнгі бірнеше суретті жіберіп отырмын.
Жауап: Хатыңызда көрсетілген мәселеге байланысты Нұрсат мөлтекауданының ирригация /арық/ жүйелері «Дендросаябақ» аумағынан тоқтаған, нөсер жауын-шашын кезінде барлық артық сулар «Дендросаябақ» аумағына жиналғандықтан тұрғындар кәріз құдықшаларының қақпақтарын ашып, артық суларды кәріз жүйесіне жіберуде, сол себепті Солтүстік-Батыс м/а, Ізгілік көшесінде «Дендросаябақ» аумағынан келетін ауқымды сулар кәріз жүйелерінен сыртқа тасып, аталған көше сайлы аумақта орналасқандықтан барлық артық жауын-шашын сулары осы көше бойына жиналатындығы анықталды. Аталған мәселеге байланысты «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС қызметкерлерімен Солтүстік-Батыс м/а, Ізгілік көшесі бойынша д-1000мм-лік орталық кәріз құбырына 2017 жылдың 1-ші жарты жылдығында тазалау жұмыстары жүргізіліп, бүгінгі таңда аталған кәріз коллекторына 2018 жылы күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге жобалық-сметалық құжат (ЖСҚ/ПСД) әзірленген. Осыған орай жоғарыда көрсетілген кәріз коллекторға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаржыландыру 2018 жылы жоспарлануына байланысты, аталған кәріз коллекторға күрделі жөндеу жұмыстары 2018 жылы жүргізілетіндігін хабарлаймыз.
08.06.2017 (сұрақтың нөмірі 1053)
сұрақ қойылды: Уксумбаева РахимаСұрақ: су өлшегіштін жанындағы басты винтелдин жоқтығына байланысты,,,оган кім жауапты? және контолердин басты миндеттер кандай?
Жауап: Тұтынушымен кездесу барысында, тұтынушының су есептегіш құралы үй жанындағы арнайы қорапта орналасқаны,су құбырының пайдалану тиесілігі бөлу шекарасы жәшіктегі су есептегіш құралының алдыңғы жағында орнатылған бұру жүйесі (вентиль) болып табылатындығы түсіндірілді. Бұру жүйесінен (вентиль) кейін үйдегі кранға дейін Сіздің меншігіңіз болып табылады. Су құбыры жүйесін жүргізу кезінде, Сіз үйдің ауласына апатты бұру жүйесін вентиль орнатуыңыз қажет. Қызмет берушінің өкілі ұсынылған қызметтер үшін уақытылы және толық көлемде ақы алуға, төлем құжатын ұсынуға, су есептегіш құралының көрсеткішін кесте бойынша алуға және тұтынушыларға қызмет көрсетудің теңдік жағдайын ұстауға міндетті.
01.03.2017 (сұрақтың нөмірі 1009)
сұрақ қойылды: иманкулова жанар нурымбетовнаСұрақ: Саламатсиздарма!менин сурагым маган осы акпан айына суга 5192 тенге келген.Биз уйде болмаймыз неге осы айга коп сомма келген?
Жауап: При встрече с выездом на место, произведена проверка, при которой показания прибора учета на 03.03.2017года составляют 2136м3 пломбы имеются, показания соответствуют. Вам дано разъяснение по поводу утечки на Вашей линии, которую устранили по заявке аварийной службой в феврале месяце. Зафиксированный расход воды прибором учета составил 63 м3 которые вами оплачены 28.02.2017года в сумме 4862 тенге и по ОВМ 232 тенге. Абонент с разъяснением согласна и претензии не имеет.
07.06.2016 (сұрақтың нөмірі 876)
сұрақ қойылды: АйнабековСұрақ: Саламатсыздарма. ком.услиганы каспий терминалы аркылы толеуге боладыма
Жауап: Саламатсыз ба ! Айнабеков мырза Сіздің WEB-сайтқа жолдаған сұрағыңызға коммуналдық қызметті Каспий терминалы арқылы төлеу мумкін .Сіз Kaspi KZ cайтына кіріп тіркелуіңіз қажет. Қосымша Каspi KZ сайтына тіркелу парағы. https://cloud.mail.ru/public/3QyH/HmucihyUu “Cу ресурстары-Маркетинг” ЖШС-нің бас директоры Орман А.О. Орын: Алиева Л.Б. Тел 32-11-96
04.11.2014 (сұрақтың нөмірі 580)
сұрақ қойылды: Изенова Салтанат БакытжанкызыСұрақ: Мен. Мкр "Акжайык"кайтпас-2 тургынымын. Осымен тортинши рет жазып отырмын сиздерге. Су маселесин накты Кашан шешип бересиздер? Осыдан 20 кун бурын телевидение шакыртып тусирген болатын. Осыдан кейн оширмеуге уаде беремиз деп акталган болатын. Ертесине оширип тастады содан бери су козин кормедик. Улкен еси бар окыган кисилер мине битирип беремиз ертеннен бастап су беремиз деп алдап жургендерине мине 3 жыл кетип бара жатыр.Уят кой Уят! Кулагымызга тагы нешинши отирикти илесиздер? Жазда жаз деди енди кыс болды гой Су Кашан Болады?
Жауап: С.Б. Изенова ханымға Сіздің WEB сайтқа жазған арызыңыз біздің тарапымыздан шұғыл түрде тексерілді. Тексеру кезінде 2010 – 2011 жылдары «Ақ - бұлақ» бағдарламасымен мемлекеттің қаржысына су құбырлары жүргізілген. Тапсырма беруші: Қалалық тұрғын - үй коммуналдық шаруашылық бөлімі. Мердігер: «Энерго строй сервис» ЖШС-гі. Салынған құбырдың сапасыздығынан аптасына екі -үш рет жарылып, тұрғындар ауыз сусыз қалуда. «Су ресурстары - маркетинг» ЖШС – нің қатысы жоқ. Ал бұл мәселені түбегейлі шешу үшін, құбырды қайтадан салу керек. Сонда ғана тұрғындар үздіксіз ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Бас директор А. Орман
17.09.2014 (сұрақтың нөмірі 552)
сұрақ қойылды: Косахова Рабига ДосибековнаСұрақ: Мен Қайтпас 2 мкр тургынымын,копбалалы анамын. Кошип келгениме 2 жыл болды, су маселеси али осы уакытта дейін шешілмей келеди.Осы маселени нақты ким шешеді? Халык сусыз отыра береді ма? Су жок! Не телефондарына жауап бермейді.Баска Кимге барып шагымданамыз?
Жауап: Р.Д. Косахова ханымға Сіздің WEB сайттағы ауыз судың мәселесі біздің тарапымыздан орнына шығып тексерілді. Қайтпас – 2 елді мекеніне, қалалық әкімшіліктің тапсырысымен мемлекеттің қаржысына су құбырын жүргізген. Тапсырма беруші қалалық тұрғын үй коммуналдық – шаруашылық бөлімі, мердігер «Энергостройсервис – 2010» ЖШС – гі. Мердігер сапасыз құбыр салғандықтан күнәра жарылып, ауыз су беруді тоқтатып жатыр. Бұл мәселені түбегейлі шешу үшін қалалық тұрғын үй коммуналдық – шаруашылық бөліміне хабарласыңыздар. Мердігер сапасыз құбырды ауыстыруы керек. “Су ресурстары – Маркетинг” ЖШС – нің ешқандай қатысы жоқ. Бас директор А. Орман Орын: Қ. Асырауов Тел: 32-35-74
11.09.2014 (сұрақтың нөмірі 549)
сұрақ қойылды: Изенова Салтанат БакытжанкызыСұрақ: Мен қайтпас-2 "Ак жайык" мкр тургынымын.Бізде 1 аптадан бери су жок.Былтыр да осы мәселе туралы сиздерге жазған болатынмын. Унеми суды оширип жатады, не ушин оширгендерин сурау ушин звондасак не телефондарын алмайды.Оздериниз 1 апта емес, 1кун сусыз отырып кориниздерши.Су проблемасынан Кашан кутыламыз?
Жауап: С.Б. Изенова ханымға Сіздің WEB сайтқа ауыз судың жоқтығы туралы жазған хатыңызға; Қайтпас – 2 елді мекеніне, қалалық әкімшіліктің тапсырысымен мемлекеттің қаржысына су құбырын жүргізген. Тапсырма беруші қалалық тұрғын үй коммуналдық – шаруашылық бөлімі, мердігер «Энергостройсервис – 2010» ЖШС – гі. Мердігер сапасыз құбыр салғандықтан күнәра жарылып, ауыз су беруді тоқтатып жатыр. Бұл мәселені түбегейлі шешу үшін қалалық тұрғын үй коммуналдық – шаруашылық бөліміне хабарласыңыздар. Мердігер сапасыз құбырды ауыстыру керек. “Су ресурстары – Маркетинг” ЖШС – нің ешқандай қатысы жоқ. Бас директор А. Орман Орын: Қ. Асырауов Тел: 32-35-74
16.06.2014 (сұрақтың нөмірі 482)
сұрақ қойылды: Улбеков Мускан ДуйсеновичСұрақ: Құрметті! Шамсутдинов Рахимжан Низамутдин ұлы мен Шымкент қаласы, 112 кварталда өз отбасыммен бірге тұрамын. менің негізгі арыз беру себебім, 06.06.2014 жылы маған белгісіз азаматтар газ қосалқы шаруашылығымен бірқатар жұмыстар атқару барысында менің жоғарыда аталған мекен жайдағы үй құрылысымның жанымнан жерді арнайы техника (трактор эксковатор) жерді қазу барысында менім үйіме су желісіне зақымдаған болатын. Болған жайды мен 12.06.2014 жылы бірақ білдім. Аталаған жағдайды білуімнің себебі үйде су жоқ, келіп корші деген болатын. Содан мен үйге барып көрсем менің үйіме кіретін су желісін газ шаруашылығын жүргізіп жүрген маған белгісіз біреулер қазғандығы белгілі болды. содан Су маркетингі мамандарын шақырдым 13.06.2014 жылы Сізге бағынысты Слесарь механик аты белгісіз мастері келіп жерді қазған кезде су желісінің қорғау аймағын сақтамағандықтан, өз жұмысына салғырттық танытып, немқұрайлылық танытқаннан болған жағдай!!! Осы орайда аталған мән жайларға байланысты толыққанды шешім қабылдану үшін түсіндіруіңізді Сізден сұраймын.!!!!
Жауап: М. Улбеков мырзаға Сіздің үйіңізге келетін д-15мм су құбырын, газ құбырын жүргізген мердігер «Газмедиогрант» ЖШС-гі үзіп кеткен. «Су ресурстары – Маркетинг» ЖШС – нің ешқандай қатысы жоқ. Су есептегіш құралы арқылы көшеге ағып кеткен судың құнын мердігер төлеуі тиіс. Тапсырма беруші «ҚазТрансГаз» ЖШС – мен хабарласыңыз. Бас директор А. Орман Орын: Қ. Асырауов Тел: 32-35-74
02.05.2014 (сұрақтың нөмірі 431)
сұрақ қойылды: Изенова Салтанат БақытжанқызыСұрақ: Мен Ақжайық мөлтек ауданының тұрғынымын. Ақжайық мөлтек ауданында қысы бойы су болған жоқ, бір күн берсе,бір ай су болмайды.Қазір көктемнің ыстық күнінде сусыз отырмыз, алда келе жатқан ыстық жаз айында не болмақ? Естуіміз бойынша қойылған құбырлары үнемі жарыла береді.Не деген жөнделмейтін,бітпейтін проблемалы құбыр ол? Осы сұраққа нақты жауап берулеріңізді сураймын.
Жауап: Сіздің WEB сайтқа жазған арызыңыз «Су құбыры және кәріз басқармасы» Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның жұмысшыларымен орнына шығып тексерілді. Тексеру барысында су құбырының орталық су құбырынан ажыратылғаны анықталды, өйткені сапасыз жұмыстардың салдарынан апат жиі болып тұрады. Мердігер «ЭнергоСтройСервис» ЖШС-і. Тапсырыс беруші - Шымкент қалалық әкімдігінің тұрғын үй-коммуналды шаруашылық бөлімі. Бұл мәселе бойынша сіз мердігер «ЭнергоСтройСервис» ЖШС-не немесе тапсырыс беруші г – Шымкент қалалық әкімдігінің тұрғын үй-коммуналды шаруашылық бөліміне жолғуыңыз қажет. «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і мен «Су құбыры және кәріз басқармасы» Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның бұл мәселеге ешқандай қатысы жоқ. Бас директор А.Орман Исп.К.Асырауов Тел.:32-35-74
05.03.2014 (сұрақтың нөмірі 401)
сұрақ қойылды: Джумашева КурмашСұрақ: Саламатсыздар ма. Біз осы Северо-Западная мөлтек ауданында жер теліміміз бар. Біздін кошемізге су құбырлары жүргізілген, бірақ пайдалануға берілмеген. Көршілерімізде су құбырлары қақпа алдына жеткізілген.Ал бізге су құбыры тасталынбаған.Заң бойынша бізге қалай және кім су құбырын жеткізіп беруге тиісті?
Жауап: Северо-Западная мөлтек ауданы № 626 участок К. Джумашеваға Сіздің 05.03.2014 жылғы Web сайтқа келіп түскен сұрағыңызға, Северо-Западная мөлтек ауданына бюджеттің есебінен “Асыл-Кеңес” ЖШС мердігерлік мекемесі су кіргізіп берген болатын. Аталған мердігерлік мекеме қызметкерлері кездесу кезінде, Сізге 1 апта ішінде су кіргізіп беретіндігі туралы тілхат бергендігін хабарлаймыз. Өндірістік техникалық бөлім басшысы Б.Қалмырзаев Тел.32-46-36
17.02.2014 (сұрақтың нөмірі 386)
сұрақ қойылды: НазарханСұрақ: Показание счетчика за январь месяц мне принесли квитанцию за 10 кубов. Так как мы проживаем 8 человек по прописке. Ваш контроллер не снимая показания с счетчика дал квитанцию. У меня счетчика показания был уже 204 Куб. Я обратился дилер. участок Аэровокзал 17.02.2014. но нам не хотят исправит квитанцию что бы оплатит за воду говорят что оплатите следующий месяц. Тогда вы при доставите мне счет за воду по прописке 24 куба остальное 45 кубов по 100% оплате ущемляя мой права гражданина РК. Прошу вас разобраться и предоставить другую квитанцию для оплаты за использованию воду. Несмотря на срок до 25 февраля я обязуюсь оплатить как получу квитанцию. Я ожидаю вашего разумного решение и помочь мне в этой недоразумение.
Жауап: Уважаемый Ерлан Толегенулы ! Счет на оплату предоставляется по показаниям приборов учета, снятых согласно графика дилерским участком с 10 по 15 число каждого месяца. Расчет за услуги водопровода и канализации производится с учетом дифференцированного тарифа на 1 - го человека 3 м3 - по тарифу 1 группы 55,98тенге, свыше 3 м3, по тарифу 2 группы 74,60 тенге. Вам сделан перерасчет на 14.02.14года на показания 201м3 и предоставлена квитанция на сумму 5036тенге, с которой Вы согласились и обязались оплатить. Начальник отдела ИВБН Ахмеджанова К.К.
15.11.2013 (сұрақтың нөмірі 349)
сұрақ қойылды: дуйсенова айнур АлпысбайкызыСұрақ: салеметсизбе биз 18 мик н да турамыз бизде жи жи су ошип турады кобине тунге караи ошеди кундизде жок болады коп ошеди соны сурау ушин водоканалга звандадым ол жактан Кенжебаева Акмарал деген кыз алды оте дореки сойлеп балагаттады тупая орысша соилеи алмасан коисаи деиди ози орысша солегеннен кеин орысша соилегенмин киналма окымаган деиди сен уйде отырып алып звандама деиди мен жумысынды дурыс стесеи десем сен кимсин маган аитатын деиди. десем аикалап урасады мен канша жерден орысшаны дурыс соилемесемде онын уитип аитуга какысы жок. айкалауга да какысы жок су кеиде куни боиы жок болады кобине кешке 10 кеин оширеди оиланызшы су жок этаж уйде не болады менин 15 жаста ауру балам бар мугедек ал тулетке кез келген уакытта шыга алмаиды гои ал керек кезде су жок болады оны ауру бала тусинеме .мен жазу себебим кызметкерлериниз солаи соилесе не болганы карапаиым халыка олаи соилеие булаи соиле деп намысымызга тисе мени билимсиз деитин ким ол мен жалоб жазам десем жаза бер содан кеин мен саган корсетемин деп коркытады онын утип аитуга мени коркытуга какысы жок онын оган жаза колдануызды сураимын менин 1 емес 3 дипломым бар билимсиз деитиндеи.мени отырып алып деидигои мен уйде отырамын отырмаимын оны 1 кудаи шешетин шыгар мен уйде мугедек балага карап отырмын уйде отырсам онын олаи деуге де какысы жок сол менин ар намысыма тиди сол кызметкерлеринизди жаза колдануызды сураимын.
Жауап: Құрметті Айнұр Алпыспайқызы ! Сіздің сұрағыңызға төмендегідей хабарлаймыз. Енбекші ауданының таза сумен қамтамасыз ету участкасының кезекші диспетчері Кенжебаева Ақмарал сізбен телефон арқылы болып өткен сөздері үшін сізден кешірім сұрады. Өз кезегінде сіз де өзіңіз жағынан жіберілген кемшіліктеріңізді түсініп ол кісіге кешірім бердіңіз. Сіз тұрған үйдің барлық қабаттарына судың жеткілікті қысымда жіберілуі бақылауға алынды және тиісті акт түзілді. Кенжебаева Ақмаралға сөгіс жарияланып, келісім – шартқа сәйкес айлығынан ақша ұсталынды.
<<| [1] |>>
барлық дауыс: 5696
дауыс мұрағаты