Сұрақтар-жауаптар - Су есептегіш құралдары (3)
21.07.2013 (сұрақтың нөмірі 306)
сұрақ қойылды: Дулатбай КуанышСұрақ: Саламатсыздарма! Жаңа су өлшеуіш құралдарын қалай қойдыруға болады? Олардың сапасына кепілдік бар ма? Қанша жылға беріледі? Ескі су өлшегіш құралдарынан өзгешіліші неде?
Жауап: Құрметті Қуаныш ! Сіздің 22.07.2013 жылғы «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не жолдаған сұрағыңызға төмендегіні хабарлаймыз. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Премьер Министрінің 01.02.2012 жылғы №22-Р «Есептегіш құралдарының автоматтандырылған жүйесін енгізу» туралы өкімінің негізінде қала бойынша көрсеткішті қашықтықта алатын жаңа құрылғылар орнатылып жатқанын хабарлайды. Олар: 1. «Арад» - өндіруші Израиль 2. «Itron» (Actaris) - өндіруші Франция 3. «Sensus» - өндіруші Словакия 4. «Zenner» - өндіруші Германия. Барлық өндірушілер есептегіш құралдарын өндіру бойынша жетекші компаниялар болып табылады. Төлқұжаттағы мәліметтер бойынша дұрыс пайдаланған жағдайда есептегіш құралдары ұзақ жылдар бойы қызмет көрсетеді. Өлшеу құралдарының пайдалану кезіндегі мерзімдік тексеру «ГОСТ 8.156-83 ҚР МӨЖ Су өлшегіш құралдары. Тексеру әдісі» бойынша 5 жылда 1 рет жүргізіледі. Жаңа құрылғының бұрынғыдан ерекшелігі, жетілген, су өлшегіш көрсеткішін пәтерге кірмей-ақ ала алады, кері ағыстың су кетуі анықталған жағдайда дабыл береді, есептегіш құралына рұқсатсыз араласу кезінде дабыл бере алады. Жоғарыда көрсетілген есептегіш құралдарын орнату үшін, 52-71-57, 52-82-74 телефондары арқылы Су есептегіш құралдары шеберханасына хабарласуыңыз қажет. Ол жерде Сізден осы есептегіш құралын орнатуға өтініш қабылдайды.
барлық дауыс: 5661
дауыс мұрағаты