сұрақтар-жауаптар - Су есептегіш құралдары (3)
<<| [1] |>>
12.06.2014 (сұрақтың нөмірі 480)
сұрақ қойылды: Махмут Орынбасар АбдуллаулыСұрақ: Мен сіздердің сайттарыңызға тіркелуге тілек білдірдім. Соңғы 3 айда төлем жүгізбедім себебі су өлшуішінің түбіртегі түсініксіз. Түбіртекте 1 куб қанша сомма екені көрсетілмеген. Сонғы түбіртек бойынша 1178 тенге келді. 4куб су мөлшеріне тиіспін. Неге сонша үлкен төлемдер жазылады. Мен төлемді homebank.kz сайты арқылы төлеймін. Жұмыстан сұранып баруға мүмкіндік жоқ.
Сұрақ:
Жоғарыда айтылған мәселелер бойынша мәліметті алу, соны шешу үшін қандай көмек бере аласыздар ?
Соңғы түбіртек қосымшада.
Жауап: Құрметті Орынбасар Абуллаұлы! Сізге ұсынылған мамыр айының түбіртегінде 2135теңге жалпы су өлшегіш құралымен, 1178 теңге ыстық судың ағын суының қарызы көрсетілген. Барлығы 3313теңгені құрайды. Сіздің соңғы homebank.kz сайты арқылы төлеген төлемдеріңіз 3315 теңге мен 2800теңге сіздің бет есебіңізге жеке су өлшегіш құралымен пайдаланған ауыз су төлем ақысы ретінде түскен. Бүгінгі күнге 3315 теңгенің 2135теңгесі жалпы су өлшегіш құралының, 1180 теңгесі ыстық судың ағын суының қарызына аударылды. homebank.kz сайты арқылы төлем жүргізгенде төлем түрлерін дұрыс көрсетуіңізді сұраймыз. 17 маусымға сіздің бет есебіңізде 1009теңге жеке су өлшегіш құралымен артық төлем төленген. Халықпен жұмыс істеу бөлімі бастығы Әлімқұлов О.Б.
21.07.2013 (сұрақтың нөмірі 306)
сұрақ қойылды: Дулатбай КуанышСұрақ: Саламатсыздарма! Жаңа су өлшеуіш құралдарын қалай қойдыруға болады? Олардың сапасына кепілдік бар ма? Қанша жылға беріледі? Ескі су өлшегіш құралдарынан өзгешіліші неде?
Жауап: Құрметті Қуаныш ! Сіздің 22.07.2013 жылғы «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не жолдаған сұрағыңызға төмендегіні хабарлаймыз. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Премьер Министрінің 01.02.2012 жылғы №22-Р «Есептегіш құралдарының автоматтандырылған жүйесін енгізу» туралы өкімінің негізінде қала бойынша көрсеткішті қашықтықта алатын жаңа құрылғылар орнатылып жатқанын хабарлайды. Олар: 1. «Арад» - өндіруші Израиль 2. «Itron» (Actaris) - өндіруші Франция 3. «Sensus» - өндіруші Словакия 4. «Zenner» - өндіруші Германия. Барлық өндірушілер есептегіш құралдарын өндіру бойынша жетекші компаниялар болып табылады. Төлқұжаттағы мәліметтер бойынша дұрыс пайдаланған жағдайда есептегіш құралдары ұзақ жылдар бойы қызмет көрсетеді. Өлшеу құралдарының пайдалану кезіндегі мерзімдік тексеру «ГОСТ 8.156-83 ҚР МӨЖ Су өлшегіш құралдары. Тексеру әдісі» бойынша 5 жылда 1 рет жүргізіледі. Жаңа құрылғының бұрынғыдан ерекшелігі, жетілген, су өлшегіш көрсеткішін пәтерге кірмей-ақ ала алады, кері ағыстың су кетуі анықталған жағдайда дабыл береді, есептегіш құралына рұқсатсыз араласу кезінде дабыл бере алады. Жоғарыда көрсетілген есептегіш құралдарын орнату үшін, 52-71-57, 52-82-74 телефондары арқылы Су есептегіш құралдары шеберханасына хабарласуыңыз қажет. Ол жерде Сізден осы есептегіш құралын орнатуға өтініш қабылдайды.
03.06.2013 (сұрақтың нөмірі 287)
сұрақ қойылды: наргизаСұрақ: Сіздердің қойған мекемелеріңіздің жалпы уй есептегіштеріңіздің (счетчик) жеке тұрғындардың есептегіштерімен сәйкес келмейтіндігі неліктен? Осы жалпы уй есептегішпен жеке ттұтынушының су есептегішімен құралы бір мекеменің лицензиясын пайдаланады.Қосымша айырмашылықты тұтынушыдан өндіруде.
Жауап: Құрметті ! Наргиза Су есептегіш құралдарын арнайы мамандандырылған, лицензиясы бар мекемелер тарапынан орнатылады. Жалпы су өлшегіш құралы мен жеке су өлшегіш құралдарының жиынтық көрсеткіштері арасында айырмашылығының шығу себебі, үйдің су құбырларының ескеруі болып табылады. Сумен жабдықтау және (немесе) сарқынды суды бұру жөніндегі қызметтерді көрсетуді ұсынуға арналған келісім-шарттың 2.6 тармағына сәйкес «...су құбыру желісін пайдалану жауапкершілігінің бөлу шекарасы ғимаратқа кірердегі соңғы ысырманың бөлуші фланеці болып табылады», көпқабатты үйдің су жүйелері тұрғындардың жекеменшігі болғандықтан, су жүйесінің техникалық жағдайына тұрғындар жауап береді.
<<| [1] |>>
барлық дауыс: 5151
дауыс мұрағаты