Сұрақтар-жауаптар - Басқа (12)
02.05.2014 (сұрақтың нөмірі 431)
сұрақ қойылды: Изенова Салтанат БақытжанқызыСұрақ: Мен Ақжайық мөлтек ауданының тұрғынымын. Ақжайық мөлтек ауданында қысы бойы су болған жоқ, бір күн берсе,бір ай су болмайды.Қазір көктемнің ыстық күнінде сусыз отырмыз, алда келе жатқан ыстық жаз айында не болмақ? Естуіміз бойынша қойылған құбырлары үнемі жарыла береді.Не деген жөнделмейтін,бітпейтін проблемалы құбыр ол? Осы сұраққа нақты жауап берулеріңізді сураймын.
Жауап: Сіздің WEB сайтқа жазған арызыңыз «Су құбыры және кәріз басқармасы» Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның жұмысшыларымен орнына шығып тексерілді. Тексеру барысында су құбырының орталық су құбырынан ажыратылғаны анықталды, өйткені сапасыз жұмыстардың салдарынан апат жиі болып тұрады. Мердігер «ЭнергоСтройСервис» ЖШС-і. Тапсырыс беруші - Шымкент қалалық әкімдігінің тұрғын үй-коммуналды шаруашылық бөлімі. Бұл мәселе бойынша сіз мердігер «ЭнергоСтройСервис» ЖШС-не немесе тапсырыс беруші г – Шымкент қалалық әкімдігінің тұрғын үй-коммуналды шаруашылық бөліміне жолғуыңыз қажет. «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і мен «Су құбыры және кәріз басқармасы» Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның бұл мәселеге ешқандай қатысы жоқ. Бас директор А.Орман Исп.К.Асырауов Тел.:32-35-74
барлық дауыс: 5707
дауыс мұрағаты